Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда криптобиржалардың үшінші типі пайда болады
Жаңалықтар

Қазақстанда криптобиржалардың үшінші типі пайда болады

19.07.20243 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оның сөзінше, жергілікті лицензияны алған Binance, Bybit сияқты бірнеше биржа бар. Солармен қатар, Coinbase, Kraken, OKX секілді Қазақстанға келмейтін, лицензия алмайтындары да бар. Ол екінші түрі. Үшіншісі – қазақстандық криптобиржалар. Олар өз бетінше дамығысы келетін таза қазақстандық стартаптар. Министрдің пікірінше, олардың бәрін аражігін ажыратып, әртараптандыру керек.

Мәселен, олардың бірінші түрі елге келіп, инвестиция салып, лицензия алады, жергілікті кадрларды жалдайды. Университеттерде студенттерін оқытады, блокчейн мамандығын таратады. Қандай да бір алаяқтық операциялары болса, олар құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейді. Бұл әріптестік орнататын криптобиржалар», — деді министр.

Сонымен қатар криптобиржалардың екінші түрінің Қазақстанмен шаруасы жоқ екенін айтты. Құқық қорғау органдары түрлі алаяқтық әрекеттері бойынша хабарласса, олар тіпті сол ресми хаттарға жауап бермейді. Үшінші түрі, технологиялық тұрғыдан дамымаған қазақстандық криптобиржалар. Оларда сауда өтімді емес. Сондықтан жақсы дамып кете алмай отыр.

Сол үшін, менің ойымша, нақ сол лицензияға өтініш беріп, елге инвестиция салып, жергілікті кадрларды жалдайтын криптобиржаларды қолдау керек. Оларға әр қырынан қараған дұрыс. Осы айтылған криптобиржалардың екінші типі толығымен бұғатталуы керек те қалған екеуі жұмыс істей берсін, -дейді Жасұлан Мәдиев.

Бұған қоса, заңда нарықта жұмыс істеп жатқан криптобиржаларға шектеу жоқ, цифрлық шекара айқындалмағанын айтады. Бұл тұрғыда қай криптобиржа жұмыс істей алатынын, қайсысы жұмыс істей алмайтынын айқындап алу үшін заңмен қосымша жұмыс істеу керек.

Еске салсақ, Қазақстандық блокчейн технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашев Қазақстанда 13 криптобиржаның лицензиясы бар: оның 12-і белсенді жұмыс істеп тұрғанын айтқан еді. Сарапшының пікірінше, цифрлық майнинг саласын реттеп, қадағалауды көздейтін тиісті нормалар бар. Алайда іс жүзінде цифрлық активтер саудасын қадағалау қиын болып отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салу жоспарланып отыр

23.06.2026253 Views

Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 485 тексеру жүргізілді

23.06.2026275 Views

Қазақстандағы автомобиль жолдары жобаларын жаңғырту: цифрлар мен деректер

23.06.2026527 Views
Соңғы жаңалықтар

32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салу жоспарланып отыр

23.06.2026

Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 485 тексеру жүргізілді

23.06.2026

Қазақстандағы автомобиль жолдары жобаларын жаңғырту: цифрлар мен деректер

23.06.2026

Қазақстанда газ құбырларын салу бойынша ірі жобалар іске асырылуда

20.06.2026

Елімізде жаңа газ кен орындарын игеру жұмыстары қолға алынды

20.06.2026

Ақ-ирий қалашығынан Алтын орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды

20.06.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

20.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.