Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Денсаулық»Су тасқынынан соң қандай инфекция тарауы мүмкін? Маман жауап берді
Денсаулық

Су тасқынынан соң қандай инфекция тарауы мүмкін? Маман жауап берді

03.05.20247 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Маман Ғазиз Надуевтың айтуынша, су тасқыны салдарынан адамдар арасында түрлі инфекция тарауы мүмкін. Әсіресе, жіті ішек инфекциясының тарау қаупі жоғары. Себебі үй-жайды, даладағы қораны, әжетхананы — барлығын сел шайып кетті. Қазір судың астында түрлі жануардың өлексесі, қоқыстар мен қалдықтар жатыр. Ал лас суда түрлі химикат, паразит, бактерия, вирус бар. Одан түрлі инфекция пайда болады.

— Қазір төтенше жағдай жарияланған аймақтағы, үйлерін су басқан тұрғындар эвуакацияланды. Олар арнайы пункттерге орналасты. Ол жерде халыққа бөтелкедегі таза су беріліп жатыр. Оған қоса біздің қызметкерлеріміз зертханада олардың ішіп-жеп жатқан тағамын, жатқан жерін зерттеп, бақылап отыр. Сонымен қатар халыққа ақпарат беріліп, санитарлық-ағарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Сол себепті қазір іш ауруы, сары ауруы және тағы басқа ауру мен инфекциялардың өсімі байқалмады. Дегенмен мәселе — су кетіп, адамдар өз үйіне оралған соң, тазалықты, гигиенаны қаншалық сақтап-сақтамайтынында, — дейді маман.

Оның айтуынша, су кеткен соң үйіне оралған адамдар тазалыққа аса мән бермесе, жіті ішек инфекциясымен ауруы мүмкін. Бұл — асқазан-ішек жолының зақымдалып, патоген және шартты патоген бактерияларын, вирустарды тудыратын инфекция аурулары. Мұны әдетте «лас қол ауруы» деп атайды. Ішек инфекциясы — ауыз су, тағам арқылы жұғады.

— Адам қолын жумаса, көкөністі, жеміс-жидекті жумай жесе, лас су ішсе, ішек инфекциясы жұғады. Бұл тек тасқын, апат кезінде ғана болатын ауру емес. Күнделікті өмірде де балаларға «алманы жуып же» деп осы ішек инфекциясының алдын алу үшін айтылады, — дейді ол.

Инфекцияның алдын алу үшін не істеу керек?

Ғазиз Надуевтың айтуынша, су басқан аймақтардың жергілікті атқарушы органдарына тапсырма берілді. Олар даладағы әжетханаға жиналған суды толық сорады, ішін дезинфекциялайды. Аман қалған үйлердің ішін кептіріп, тазалап, дезинфекциялайды. Дегенмен маман азаматтарға су тасқынынан соң ескеру керек бірнеше кеңес айтты:

Жергілікті органдар үйді, әжетхананы дезинфекциялап тазаламайынша онда кірмеген жөн.

Қолды үнемі мұқият жуып тұру қажет және антисептик қолданған абзал.

Су басқан аймақтағы кез келген затты қолғап киіп қана ұстаған дұрыс.

Су тасқыны салдарынан өлген үй жануарларының, төрт-түліктің өлексесін ұстамаған жөн. Керек болса, тек қолғап киіп қана ұстау керек.

Даладағы құдық суын уақытша тұтынбаған дұрыс. Жергілікті органдар ондағы судың құрамын әлі тексереді. Тексеріп болып, бәрі дұрыс екеніне көз жеткізген соң ғана ондағы суды қолдану керек. Ал оған дейін адам бөтелкедегі таза суды немесе қайнатылған суды ішуі керек.

Көкөніс пен жеміс-жидекті жуып жеу керек. Оған қоса адам ішіп-жейтін барлық тағамын қадағаланы дұрыс.

Балалардың қалдық заттарды ұстамағанын қадағалау керек.

Су басқан үйде қалған киім-кешектің бәрін жуып тазалап, кептіріп қана қолдану керек.

Тасқынның суын тұрмыстағы қажеті үшін қолдануға болмайды.

Денесі қызып, іші өтсе, дәрігерге баруы қажет.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025796 Views

2027 жылға дейін 6500-ден астам МСАК мамандары біліктілігін арттырады

01.10.2025419 Views

Ел өңірлерінде медициналық көмек көрсету сапасы артып келеді

13.09.2025870 Views
Соңғы жаңалықтар

«18 жастағы сенсация»: «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза әлем назарын аударды

03.10.2025

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025

Семейдегі 30 аула жаңа кейіпке енді

03.10.2025

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025

Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцинация басталды

03.10.2025

Трамп америкалықтарға 1 трлн доллар үлестіруі мүмкін

03.10.2025

Импортқа тәуелділік азайса игі

03.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.