Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Қоғам»Серікзат Дүйсенғазының ұлының ісі: сот үкімі шықты
Қоғам

Серікзат Дүйсенғазының ұлының ісі: сот үкімі шықты

03.05.20247 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Фото: orda.kz

Белгілі айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы шаңғы базасында қайтыс болған ұлының өліміне қатысты сот процесі қалай аяқталғанын айтып, жазба жариялады.

Айтуынша, үш жарым айға созылған «Елікті парк» соты оң нәтижемен аяқталған.

«Үш жарым айға созылған «Елікті парк» соты бүгін аяқталды. Ақмола облысы, Зеренді аудандық сотының судьясы Аида Каримова төрағалық еткен сот процесі жәбірленуші тараптың талабын оң нәтижеге шешті. «Елікті парктың» иесі сотталған жоқ. Оның жиені сотталды. Себебі, сол уақытта оның бизнесі уақытша сол жиенінің атына жазылған екен. Сот Әлихан сырғанаған күні де, одан бір апта кейін зардап шеккен Динара Муксулова мен Бірімжановалар сырғанаған уақытта да ешқандай қауіпсіздік ережелері сақталмағанын дәлелдеп, сотталушыға қауіпсіздігі ең төмен колонияға төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды», -деп жазды ол.

Ақынның айтуынша, жәбірленуші тарап баласын сотталушы тарап ұйымдасқан түрде тауда бір жарым сағат тығып тастағанын дәлелдей алмаған.

«Себебі, тауда баламның жатқанын көрген куәгерлердің сөздері әртүрлі шықты. Көбі бір-бірін танитын адамдар ғой. Камера болмаған соң дәлелдеу қиын екен. Оның үстіне сотталушы тараптың жалдап алған екі адвокаты да әккі, заң саласынан білімдері терең жігіттер екен. Еш дәлелдері жоқ болса да әр сотта «бүйректен сирақ шығарып-ақ» бақты. Сот моральдық шығынымызды ішінара қанағаттандырғанымен, материалдық шығынымызды қанағаттандырмады. Оның барлығына чек керек екен. Өзіміз азан-қазан болып жатқанда кім чек жинап жүреді? Адам өлімінің өзі дәлел емес пе? Біздің заңдарымыздың да қызық жері көп екеніне көз жетті. Енді он бес күннің ішінде екі тарапқа да аппеляциялық сотқа беруге мүмкіндік бар», — дейді ол.

Айтыскер ақын ұлының ісінің сотқа жетуін  халықтың арқасы деп білетінін айтады.
«Ел Бишімбаевтың тағдырын талқылап жатқанда, біз өз сотымыздың соңы қалай болар екен деп қалтырап жаттық. Дәл менің Әлиханым сияқты талай бала осындай шаңғы базаларында қайтыс болған. Сот біткенше барлығының аманаты мойнымда жүргендей күй кештім. Солардың арасында Әлиханның ісі ғана сотқа дейін жетті. Оған бізді қолдаған қалың қазағымның үлесі бар деп ойлаймын», — деп аяқтады сөзін Серікзат Дүйенғазин.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде қар мен жаңбыр жауады

09.11.2026449 Views

Қазақстанда бала туған отбасыларға несие демалысын беру ұсынылды

09.11.2026410 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

06.11.2026416 Views
Соңғы жаңалықтар

КОММУНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

14.11.2026

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ЗЕРДЕЛЕНЕДІ

14.11.2026

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ ЕКІ АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ГАЗ ТҰТЫНА БАСТАДЫ

14.11.2026

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

14.11.2026

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

14.11.2026

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

14.11.2026

ТЕМІРЖОЛ ӘЛЕУЕТІ – ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН

11.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.