Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Байжановқа қатысты «қылмысты хабарламау» бабы бойынша іс жүргізу тоқтатылды
Жаңалықтар

Байжановқа қатысты «қылмысты хабарламау» бабы бойынша іс жүргізу тоқтатылды

03.05.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Фото: Halyq Uni

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Мемлекеттік айыптаушы Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған еді. 2 мамырдағы сот отырысында істі қарап жатқан судья Айжан Құлбаева Байжановқа қатысты ҚК 434-бабы бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Осылайша Бақытжан Байжановқа қатысты іс ҚК-тің 432-бабы («қылмысты жасырып қалу») бабы бойынша қаралады.

САЛТАНАТ НҮКЕНОВАНЫҢ ҚАЗАСЫ

2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.

Сот басталған кезде сотталушы Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады. Экс-министрдің соттағы жауабын мына жерден оқуға болады.

Бишімбаевтың айтуынша, Салтанат Нүкенова және оның құрбысы үшінеуі «Қазақстан» орталық концерт залына концертке барған. Сол жерде екеуінің арасында жанжал шығып, концерт аяқталмастан шығып кеткен. Артынша BAU мейрамханасына келіп, бірнеше сағат бойы әңгімелескен.

8 сәуірде Астана қаласы көшпелі бригада дәрігері Нұрлан Мұхамбеденов сот залына келіп, тараптардың сұрағына жауап берді.

9 сәуірдегі сот отырысына қылмыстық іс бойынша куәгер Данияр Мейірбеков қатысты. Сол күні Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров қатысты. Сарапшы манекеннің басына қызыл және көк түсті қаламмен бірнеше жарақаттың орнын салып көрсетті.

10 сәуірдегі сот отырысында қылмыстық іс бойынша куәгер Аида Ахмедина қатысты. Прокурор Айжан Аймағанова сот барысында Ахмедина мен марқұм Салтанат Нүкенованың бір-біріне жазған хаттарын оқыды. Содан кейін іс бойынша куәгерлерден жауап алу аяқталды.

11 сәуірдегі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлжанованы ауыстыруды сұрады. Алайда судья істі қарауды жалғастырды. Сол күні 11 сәуірде айыпталушы Бақытжан Байжановтан жауап алынды. Ол сот барысында өзінің туысы Қуандық Бишімбаев тарапынан қысым көріп жатқанын жеткізді.

22 сәуірдегі сот отырысында судья Айжан Құлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевтың телефонына қайғылы оқиға болған күні түсірілген видеоларды көріп шықты.

23 сәуірде өткен сот отырысына қайғылы жағдай болған күні Бишімбаевпен кездескен Гүлнар Насырбекова келді. Әйел Бишімбаевпен жұмыс бойынша кездескенін айтты.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨҢІРДЕ СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 21 ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.01.2026648 Views

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

10.01.2026243 Views

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЖАЛАҢАШ АУЫЛЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

10.01.2026534 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨҢІРДЕ СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 21 ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.01.2026

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

10.01.2026

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЖАЛАҢАШ АУЫЛЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

10.01.2026

78 мыңнан аса бала «Ұлттық қордан» түскен қаржыға оқу ақысын төлеген

08.01.2026

Елімізде қанша колледж бар?

08.01.2026

Жыл соңындағы жанталас: зейнетақы қаржысы жаппай баспанаға бағытталды

08.01.2026

2025 жылы ҰАҒБО жоғары санатты 60 мың тоннадан астам тұқым өндірді

08.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.