Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Денсаулық»Қазақстанда 2 млн-нан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды
Денсаулық

Қазақстанда 2 млн-нан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды

26.11.2026631 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда 2026-2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға 2,2 млн доза «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды. Вакцина құрамында ДДҰ ұсынымдары ескеріліп, тұмау вирусының үш нұсқасына қарсы компоненттер бар: A(H1N1), A(H3N2) және B. Бүгінгі таңда 2 млн 65 мың адам вакцина алды. Бұл жоспарланған көлемнің 93,9%-ын құрайды. Екпе салу 2026 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджет есебінен динамикалық байқауда тұрған балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және медицина қызметкерлеріне вакциналау жүргізіледі.

«Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша ерікті негізде қауіп тобына жататын басқа да адамдарды, оның ішінде жүкті әйелдерді, әскери қызметшілерді, жүрек-қантамыр жүйесі мен тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары бар адамдарды, сондай-ақ 65 жастан асқан азаматтарды вакциналау көзделген», — деді бас санитарлық дәрігер.

Сондай-ақ ол тұмау таралмай тұрып, сақтық шараларын қолға алу қажеттілігін ерекше атап өтті. Себебі вакциналау тұмауды жұқтыру және оның ауыр асқынуларының туындау қаупін төмендетеді. Азаматтар, әсіресе, қауіп тобына жататын адамдар, вакциналауды кейінге қалдырмай, медициналық ұйымдардан екпе алу мүмкіндігін нақтылау керек.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның теміржол паркін 162 жаңа жолаушылар вагоны толықтырды

26.11.2026258 Views

Астанада колледждердің үздік 100 студенті марапатталды

26.11.2026538 Views

Ақтөбеде 5 мың орындық әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлінді

26.11.2026524 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның теміржол паркін 162 жаңа жолаушылар вагоны толықтырды

26.11.2026

Қазақстанда 2 млн-нан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды

26.11.2026

Астанада колледждердің үздік 100 студенті марапатталды

26.11.2026

Ақтөбеде 5 мың орындық әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлінді

26.11.2026

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы 1,1 млрд текше метрге жуық су үнемделді

26.11.2026

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункттері ашылды

26.11.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

26.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.