Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункттері ашылды
Аймақ жаңалықтары

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункттері ашылды

26.11.2026489 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасында жаңғыртудан өткен «Жібек жолы» (Түркістан облысы) және «Гишт-Куприк» (Ташкент облысы) өткізу пункттері ресми түрде өз жұмысын бастады. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының қаржы министрі Мәди Такиев, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев және Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Экономика және қаржы министрі Жамшид Кучкаров қатысты, деп хабарлайды  ҚР Қаржы министрлігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қаржы министрлігі шекаралық аймақтағы инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңғыртып келеді. Өзбекстан, Қытай және Түрікменстанмен арадағы шекаралық аумақта 10 автомобиль өткізу пункті жөнделіп, іске қосылды. Биылғы 10 айда шекарадан өткен автокөлік саны 23% өсіп, 1,7 млн-ға жетті. Еліміз бойынша кеден төлемдері мен салық түсімі 4,3 трлн теңгеге (шамамен 10 млрд доллар) ұлғайып, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 18,5% артқан.

Бұл жобаның негізгі артықшылығы – жолаушылар көлемімен айқындалып отыр. Мәселен, 2024 жылы «Жібек жолы» арқылы 11 млн астам адам өткен. Өткізу пункті жөндеуге жабылған уақытта азаматтарға басқа бағыттармен қатынауға тура келіп, бұл іргелес жатқан өткізу пункттерінің жүктемесін арттырды. Маңызды нысандағы жұмыстың жандануы екі ел арасындағы бағытты қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Осы ретте ауқымды жөндеудің аясында ескірген инфрақұрылымның орнына жалпы ауданы 10 мың шаршы метрге жуықтайтын екі жолаушылар терминалы салынды. Оның бірі елімізге келетін азаматтарды қабылдауға, екіншісі шекарадан өтетіндерге арналған. Автокөліктерді тексеру үшін ауданы 6 мың шаршы метр болатын ортақ қалқа (жаппа) қарастырылған. Кіреберістегі қозғалыс жолақтары 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылды. Жолаушылар мен көлік ағындары бөлінді, бұл аталған аумақтағы қозғалысты тиімді ұйымдастыруға әсер етеді.

Қарбалас уақытта жаңартылған инфрақұрылым тәулігіне 100 мың адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Бұған қарап, тиісті нысанның мүмкіндігін бағамдай беруге болады.

Терминалдар төлқұжатты тексеруге арналған 82 кабинамен және 20 автоматтандырылған Q-gate паспорттық бақылау жүйесімен жабдықталған. Заманауи жүйелер жекелеген бақылау рәсімдерін электронды форматта жүргізіп, жолаушыларға қызмет көрсету аясын кеңейтуге жол ашады.

Кедендік бақылау бағытында рентген аппараттары, жолаушыларға арналған сканерлер, радиацияны тексеретін жабдықтар, сондай-ақ автобустар мен жеңіл автомобильдерді тексеруге арналған инспекциялық-тексеру кешендері орнатылды. Техникалық жарақтандыру қауіпсіздік талаптарын сақтап, бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыруды көздейді.

«Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» пункттерінің бірлескен ашылуы екі мемлекет көшбасшыларының стратегиялық әріптестік пен одақтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған саясатының жалғасып жатқанын айғақтайды», — деді Мәди Төкешұлы.

Тұтастай алғанда, «Жібек жолының» туризмнің әлеуетін арттырудағы маңыздылығы да зор. Мұнда жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктер мен жолаушылар автобустарына қызмет көрсетуге тиісті жағдай қарастырылған. Осы арқылы туристік бағыттар кеңейіп, автобус турлары жолға қойылып, халықаралық жолаушылар тасымалы, оның ішінде Қазақстан арқылы өтетін транзиттік маршруттар нығая түседі деп болжанған.

Бауырлас елдердің халқына бұл отбасылық сапарға шығып, білім алумен қатар іскерлік қатынасты күшейтуге септігін тигізбек. Ал туристік компаниялар мен тасымалдаушы ұйымдар Қазақстан-Өзбекстан бағытының күретамырына қан жүгіртіп, тың серпін бере алады.

«Біздің басты мақсатымыз — кедендік бақылаудағы қауіпсіздік пен сенімділіктің жоғары деңгейін сақтай отырып, әрбір азамат үшін шекарадан өтуді жылдамырақ, ыңғайлырақ және болжамды ету» — деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев.

Аталған өткізу пункттерін өзара келісіммен жаңарту екіжақты көлік қатынасы мен іскерлік әріптестікті, сондай-ақ мәдени және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға оң әсер етеді.

Бұл рәсімге еліміздің тарапынан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ералы Тоғжанов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов қатысты.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның теміржол паркін 162 жаңа жолаушылар вагоны толықтырды

26.11.2026258 Views

Қазақстанда 2 млн-нан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды

26.11.2026631 Views

Астанада колледждердің үздік 100 студенті марапатталды

26.11.2026538 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның теміржол паркін 162 жаңа жолаушылар вагоны толықтырды

26.11.2026

Қазақстанда 2 млн-нан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды

26.11.2026

Астанада колледждердің үздік 100 студенті марапатталды

26.11.2026

Ақтөбеде 5 мың орындық әмбебап спорт кешенін салуға 18,8 млрд теңге бөлінді

26.11.2026

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы 1,1 млрд текше метрге жуық су үнемделді

26.11.2026

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункттері ашылды

26.11.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

26.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.