Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»МҮФТИЯТТА АСАБАЛАРМЕН ТОЙ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңалықтар

МҮФТИЯТТА АСАБАЛАРМЕН ТОЙ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18.11.20263 952 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Астана қаласының асабаларымен «Той – бабалар дәстүрі мен тағылымы» атты рухани кездесу өтті. 

Шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртөре Жүсіп, белгілі журналист, диктор Зейін Әліпбек, той жүргізушілері мен ҚМДБ қызметкерлері қатысты.

Жиында соңғы жылдары қоғамда көрініс тапқан тойдағы артық шығын, өзара бәсеке, орынсыз ысырап, аста төк тамақ, бейәдеп ойындар секілді ауқымды мәселер талқыланды.

Бас мүфти кездесуде еліміз ежелден қуанышын ағайын-туысқа бөлісіп, той жасайтын халық екенін алайда қазіргі кезде той тойлау мәдениеті жарысқа, мақтанға айналып бара жатқанын жеткізді.

«Ислам дінін ғасырлар бойы ұстанған ата-бабаларымыз той жасағанда ең алдымен ағайынның басын қосып, бата алуға, үлкеннің ақ тілегіне, жастардың тәрбиесіне мән берген. Тойдың сәні қымбат әншіде немесе шектен шыққан безендіруде емес, елдің бірлігі мен ақ дастарқанда болған.

Той тек көңіл көтеретін жиын емес, ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін, дін мен дәстүр құндылықтарын бойына сіңіретін маңызды сәттің бірі. Тойда жастар үлкенді сыйлауды, туыстық қатынасты, ізеттілікті, бата алуды, ұлттық салт-дәстүрді көреді. Сондықтан тойдың бағдарламасы да тәрбиелік мазмұнда болғаны абзал. Бұған той иелері мен асабалар көбірек мүдделі болса дейміз», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу барысында асабалар да өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.




Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

19 қарашада Қытайда Си Цзиньпин, Трамп, Путин үшжақты кездесу өткізеді

18.11.20263 674 Views

Екі студенттің өлімінен кейін министрлік ҚазҰУ-ды тексермек

18.11.2026784 Views

Nvidia Хуангты бас директор қызметіне қайта тағайындаудан бас тартты

18.11.2026515 Views
Соңғы жаңалықтар

Жастар мен ардагерлер батырлар рухына тағзым етті

19.11.2026

МҮФТИЯТТА АСАБАЛАРМЕН ТОЙ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18.11.2026

19 қарашада Қытайда Си Цзиньпин, Трамп, Путин үшжақты кездесу өткізеді

18.11.2026

Екі студенттің өлімінен кейін министрлік ҚазҰУ-ды тексермек

18.11.2026

Nvidia Хуангты бас директор қызметіне қайта тағайындаудан бас тартты

18.11.2026

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салынады

18.11.2026

Жолаушылар жолақысын төлеуден неге жалтарады?

18.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.