Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ТЕМІРЖОЛ ӘЛЕУЕТІ – ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН
Аймақ жаңалықтары

ТЕМІРЖОЛ ӘЛЕУЕТІ – ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН

11.11.2026855 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қызылорда облысының географиялық орналасуы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға айрықша мүмкіндік береді. Сыр өңірі – тоғыз жолдың торабында орналасқан, еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін, батысы мен шығысын байланыстыратын маңызды көлік дәліздерінің бірі. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану, теміржол инфрақұрылымын жаңғырту және тасымал тиімділігін арттыру – экономикалық өсімнің маңызды алғышарты.

Осы мәселелер партияның Қызылорда қалалық филиалына қарасты «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен өткен кездесуде талқыланды.
Басқосуға партияның ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері Руслан Рүстемұлы, Әлібек Жаппасбаев, Асхат Шәукенбаев қатысып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған көлік-логистика саласын дамытудың негізгі бағыттарын түсіндірді.
Руслан Рүстемұлы өз сөзінде теміржол көлігінің ел экономикасындағы стратегиялық рөліне тоқталып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту мен жаңа көлік бағыттарын дамытудың маңызын атап өтті.
Оның айтуынша, теміржол желілерінің өткізу қабілетін арттыру, жүк тасымалын жеделдету және халықаралық логистикалық бағыттарды кеңейту отандық өнімдердің сыртқы нарықтарға шығуына жол ашады. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы мен өндіріс салалары дамып келе жатқан Қызылорда облысы үшін маңызды.
Бүгінде өңірден өтетін магистральдық теміржол желісінің ұзындығы 1051,7 шақырымды құрайды. Облыс аумағы арқылы жолаушылар пойыздары тұрақты қатынап, Қызылорда қаласынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан бағыттарына қатынау мүмкіндігі бар. Теміржол желісі аудан орталықтары мен елді мекендердің көлік қатынасын қамтамасыз етуде де маңызды қызмет атқарады.Сонымен қатар Сыр өңірінің теміржол әлеуеті жолаушылар тасымалымен ғана шектелмейді. Аймақта өндірілетін күріш, тұз, мұнай өнімдері, құрылыс материалдары мен өзге де тауарларды еліміздің басқа өңірлеріне және сыртқы нарықтарға жеткізуде теміржолдың орны ерекше. Жүк тасымалының қолжетімді әрі тиімді болуы жергілікті кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлғайтуына, логистикалық шығындарды азайтуына және жаңа нарықтарға шығуына мүмкіндік береді.
Сондықтан теміржол инфрақұрылымын дамыту – өңірге инвестиция тартудың, жаңа өндіріс орындарын ашудың және кәсіпкерлік белсенділікті арттырудың да маңызды тетігі.
Ал ақпараттық топ өкілі Әлібек Жаппасбаев көлік саласын дамытумен қатар, адами капиталды нығайту, еңбек өнімділігін арттыру және заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне назар аударды. Ол теміржол саласының тұрақты жұмыс істеуі білікті мамандарға, олардың кәсіби дайындығына және еңбек қауіпсіздігінің сақталуына тікелей байланысты екенін атап өтті.
Сонымен бірге цифрлық шешімдерді енгізу, тасымал процестерін автоматтандыру, жүк қозғалысын бақылау жүйелерін жетілдіру қызмет көрсету сапасын арттырып, уақыт пен ресурсты тиімді пайдалануға жол ашатынын жеткізді.
Кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген инфрақұрылымдық жобаларға да тоқталды. Соңғы бес жылда елімізде 911 шақырым жаңа теміржол салынса, қазіргі уақытта тағы 800 шақырым теміржол құрылысы жүргізіліп, қолданыстағы 2,6 мың шақырым желіні жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы Қазақстанның Қытаймен көлік қатынасын кеңейтіп, транзиттік жүк тасымалының мүмкіндігін арттыруға бағытталған.
Жиын барысында теміржол саласының өзекті мәселелері де назардан тыс қалмады. Сала мамандары инфрақұрылымның жай-күйі, тасымал сапасы, еңбек жағдайы мен алдағы даму бағыттарына қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар саладағы мәселелерді жүйелі шешу, өндірістік әлеуетті арттыру және мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін қолдау қажеттігін атап өтті.
Жалпы, теміржол – өңірлерді байланыстыратын ғана емес, экономикалық дамуға жол ашатын стратегиялық инфрақұрылым. Қызылорда облысының тоғыз жолдың торабындағы тиімді орналасуын пайдалану арқылы жүк тасымалын ұлғайтуға, жергілікті өнімдердің нарыққа шығуын жеңілдетуге және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік мол. Бұл бағыттағы жұмыстар Сыр елінің экономикалық әлеуетін нығайтып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға қызмет етеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЕЛДІМЕКЕННІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10.11.20262 865 Views

ЖЫЛУ БЕРУ МАУЫСЫМЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

10.11.2026651 Views

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026427 Views
Соңғы жаңалықтар

ТЕМІРЖОЛ ӘЛЕУЕТІ – ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН

11.11.2026

ЕЛДІМЕКЕННІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10.11.2026

ЖЫЛУ БЕРУ МАУЫСЫМЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

10.11.2026

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

10.11.2026

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ КЕПТІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.