Атырауда BINOM мектебінің 9-сынып оқушысы 15 жылға сотталды. Ол биыл көктемде мектепке бірнеше пышақ алып келіп, 8-сыныпта оқитын қызға шабуыл жасаған.
Жанат Молдашованың мәліметінше, қылмыстық іс бірнеше ай бойы алқабилердің қатысуымен жабық сот отырысында қаралған. Бүгін судья Зарема Хамидуллина жасөспірімге қатысты үкім шығарды.
Сот барысында шабуылға қатысты бірқатар сұмдық дерек белгілі болған. Атап айтқанда, оқушының сөмкесінен бір емес, бірнеше пышақ табылған. Ол қызға бірнеше жерінен пышақ сұғып, шабуылын алдын ала жоспарлаған. Сондай-ақ өз әрекеттерін жазып отырған.
Әзірге сот үкімінің заңды күшіне енгені туралы ақпарат жоқ.

