Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Текелі энергокешені электр энергиясын өндіру көлемін екі жылда 53 МВт-қа ұлғайтты
Жаңалықтар

Текелі энергокешені электр энергиясын өндіру көлемін екі жылда 53 МВт-қа ұлғайтты

31.08.2026523 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР Энергетика министрлігі ел экономикасының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында генерациялайтын қуаттарды арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Мемлекет басшысының жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Жетісу облысындағы «Текелі энергокешені» ЖШС-ін жаңғыртудың кезекті кезеңі аяқталды. Пайдалануға қуаты 17 МВт болатын үш кәдеге жаратушы қазандық пен генераторы бар бу турбинасы енгізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жобаны іске асыру энергокешенде жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарының жалғасы болды. Бұған дейін, 2025 жылы нысанда жаңғыртудың екі кезеңі сәтті аяқталып, жалпы қуаты 36 МВт болатын үш газтурбиналық қондырғы пайдалануға берілді. Нәтижесінде «Текелі энергокешенінің» белгіленген қуатының жиынтық өсімі 53 МВт-ты құрады.

Биыл Қазақстанда дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерінің 2,6 ГВт қуатын пайдалануға беру жоспарлануда. Төрт бу-газ қондырғысы, төрт жел электр станциясы және бес күн электр станциясы іске қосылады. Сонымен қатар Атырау мен Текелі қалаларындағы екі электр станциясын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін Қызылордада қуаты 240 МВт болатын бу-газ қондырғысы іске қосылған болатын.

Бұл жобаларды іске асыру 2027 жылдың бірінші тоқсанында елдегі энергия тапшылығы мәселесін шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202693 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.