Жастар күні қарсаңында белсенді жастардың қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Акция барысында аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан жастарымен кездесіп, тазалық жұмыстарына белсенді атсалысып жүрген жастар мен волонтерлерді марапаттады.

Шараға аудан прокуроры Талғат Бектұрсынов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Мақсат Баймағанбетов қатысты.
Шара барысында аудан әкімі экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, тазалық жұмыстарына тұрақты түрде атсалысып жүрген жастарға ризашылығын білдірді.

«Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бүгінде қоғамдағы маңызды бастамалардың біріне айналды. Бұл – қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты аялауға және туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейтін игі жоба. Тазалық – бір күндік науқан емес, ол – әр азаматтың күнделікті өмір салты мен мәдениетінің көрінісі. Ауданымызды көгалдандыру, абаттандыру және көркейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Ортақ іске белсенді атсалысып жүрген жастарға шынайы алғысымды білдіремін», – деді А.Ибраимов.

Акция аясында аудан әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен және жастармен бірге тазалық жұмыстарына қатысып, барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға және тазалық жұмыстарына тұрақты түрде белсенді қатысуға шақырды.


Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

