Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі қандай?
Жаңалықтар

Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі қандай?

31.07.20261 685 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанның географиялық орналасуы бүгінде елдің басты стратегиялық артықшылықтарының біріне айналып отыр. Соның нәтижесінде көлік-логистика саласы отандық экономиканы әртараптандырудың негізгі драйверіне айналып келеді.

Еуропа мен Азияның, Шығыс пен Батыстың арасындағы көпір ретіндегі рөлін күшейтіп отырған еліміз Орталық Азиядағы ірі көлік-логистикалық хаб болуға бағыт алды.

Қазірдің өзінде аумақтан арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Соңғы жылдары әлемдік логистикалық тізбектердің қайта құрылуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттырды. Геосаяси өзгерістер жағдайында Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы бұрынғыдан да өсті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды Қытайды Орталық Азия, Кавказ, Таяу Шығыс және Еуропамен байланыстыратын негізгі көлік торабына айналдыру міндетін бірнеше рет атап өткен болатын.

Бұл бағыттағы жұмыстар нақты нәтиже бере бастады. Соңғы бес жылда көлік-логистика саласындағы жалпы өнім көлемі үш есеге жуық өсіп, 2021 жылғы шамамен 4,7 трлн теңгеден биыл 14,3 трлн теңгеге дейін жетеді деп күтілуде.

Ал Қазақстан порттары арқылы өтетін контейнерлік транзит көлемі бірнеше есеге артты. Соңғы үш жылда ғана өткізу қабілеті жылына шамамен 200 мың жиырма футтық контейнерге жеткізілді.

Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырудағы негізгі аймақтардың бірі Маңғыстау облысы екенін айтуымыз керек. Сол себептен де Премьер-министр Олжас Бектеновтің өңірге кезектіижұмыс сапары барысында Каспий жағалауындағы бірқатар стратегиялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды. Соның бірі заманауи кеме жасау зауытын салу жобасы. Кәсіпорын жылына 8 жаңа кеме жасап шығара алады және 24 кемеге дейін жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Толық циклді өндіріс орны ретінде мұнда теңіздегі пилотсыз аппараттар да шығарылады. Жобаға кемінде 125 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Мұнан бөлек, Ақтау әуежайы базасында мультимодальды авиациялық-логистикалық хаб құру да көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтермек. Мұнда әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жүк авиациясын дамыту мүмкіндігі қалыптасады. Жоба аясында жылына екі жүзден астам техникалық қызмет көрсету операциясы және алпысқа дейін әуе кемесін бояу жұмыстары жүргізілмек.

Сонымен қатар, Құрық портында көпфункционалды терминал салу жобасы дайындалуда. Қытайлық Guoyou Materials Group компаниясы бұл жобаға 470 млрд теңге инвестиция құяды. Бірінші кезең 2026-2028 жылдарға, екінші кезең 2029-2031 жылдарға жоспарланған. Терминалды толық іске қосу 2032 жылға жоспарланып отыр.

Бұл жобалар Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның транзиттік картасындағы орынын күшейтеді.

Жалпы, Қазақстан үшін Транскаспий халықаралық көлік бағыты жаңа экономикалық мүмкіндікке айналды. Сарапшылардың пікірінше, әлемдік логистикадағы өзгерістер жағдайында Солтүстік бағыттың маңызы біртіндеп төмендеп, Орта дәліздің рөлі артып келеді екен.

Бүгінде осы бағыт бойынша тасымал көлемі жылына 4,5 млн тоннадан асады. Ал алдағы кезеңде бұл көрсеткішті 10 млн тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігі бар.

Бұл пікірді Грузиядағы Халықаралық Қара теңіз университетінің профессоры, саясаттанушы Ника Читадзе нақтылап отыр. Ол Қазақстанның географиялық орналасуы елге үлкен артықшылық беретінін атап айтады. Саясаттанушы Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық орны Қытай мен Еуропалық одақ арасындағы сауда байланыстарын Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ арқылы кеңейтуге мүмкіндік береді деп пайымдайды.

Екіншіден, инфрақұрылымға салынған инвестиция елдегі экономикалық тұрақтылық кепілі болмақ. Яғни, соңғы 15 жылда Қазақстан көлік және логистика инфрақұрылымын дамытуға 35 млрд доллардан астам қаржы бағыттады. Қазір елде 754 шақырым жаңа теміржол желісін салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар саланың өндірістік әлеуетін шамамен 3,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Теміржол жүйесінің дамуы да бұл бағыттағы жұмыстарға серпін береді. Мәселен, Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржол бағыттарының іске қосылуы Қазақстанның ішкі байланысын ғана емес, халықаралық транзит мүмкіндігін де кеңейтеді.

Сонымен қатар елімізде 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы теміржол инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған ең ауқымды жобалардың бірі.

Авиациялық инфрақұрылым да назардан тыс қалған жоқ. Туристік аймақтардағы әуежайлар жаңғыртылып, жаңа терминалдар салынуда.

Әлбетте, қазіргі заманда көлік дәліздерінің тиімділігі тек жол мен порттарға емес, цифрлық мүмкіндіктерге де байланысты.

Қазақстанда іске қосылған Smart Cargo платформасы кеден, логистика және коммерциялық қызметтерді бір цифрлық ортаға біріктіреді. Бұл тауар қозғалысын жылдамдатып, рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Алдағы мақсат Еуразиядағы бірыңғай цифрлық көлік кеңістігін қалыптастыру. Бұл халықаралық сауда операцияларын жеделдетіп, Қазақстанның транзиттік тартымдылығын арттырмақ.

Деп келгенде, көлік-логистика саласы енді тек тасымал құралы емес, ұлттық экономикалық бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторы болып отыр.

Егер Қазақстан осы бағыттағы жобаларды уақытылы жүзеге асырып, инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын сақтаса, ел транзиттік табысын еселеп, жаңа инвестициялар тарта алады.

Тоқетерін айтқанда, қазір елдің саяси және атқарушы билігінің алдында географиялық артықшылықты нақты экономикалық пайдаға айналдыру міндеті тұр. Маңыздысы, Каспийдегі порттар, жаңа теміржол бағыттары, авиациялық хабтар және цифрлық шешімдер Қазақстанды Шығыс пен Батысты жалғайтын Еуразияның стратегиялық логистикалық көпіріне айналдыруға тиіс.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026691 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.20261 853 Views

Балқаш мыс балқыту зауыты ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда

31.07.20261 112 Views
Соңғы жаңалықтар

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.2026

Балқаш мыс балқыту зауыты ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда

31.07.2026

Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты

31.07.2026

Журналист Валерий Сургановқа халықаралық іздеу жарияланды

31.07.2026

Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі қандай?

31.07.2026

Астанаға 34 елден 800-ден астам спортшы келді

31.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.