Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды
Жаңалықтар

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026227 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға берілді. Жұмыстар Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Жаңғырту соңғы жылдардағы теміржол вокзалдарын жаңартудың ең ірі жобасы болды. Реконструкция нәтижесінде жолаушыларға арналған жағдайлар айтарлықтай жақсарды, қауіпсіздік пен жайлылық деңгейі артты, нысандардың өткізу қабілеті ұлғайды, сондай-ақ теміржол саласы қызметкерлері үшін заманауи еңбек жағдайлары жасалды.

Жұмыстар барысында ғимараттардың қасбеттері мен шатырлары жаңартылды, энергия үнемдейтін витраждар орнатылды, жылу жүйелері, сумен жабдықтау, желдету, ауаны баптау, өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері жаңғыртылды. Құрылыс және реконструкция кезінде негізінен отандық өндірістің материалдары пайдаланылды.

Ерекше назар кедергісіз орта қалыптастыруға аударылды. Вокзалдарда пандустар, лифтілер, бейімделген кіреберіс аймақтары мен санитарлық бөлмелер, тактильді жолақтар және арнайы касса аймақтары жабдықталды. Нысан санатына қарай ана мен бала бөлмелері, медициналық пункттер, сақтау камералары қарастырылып, жолаушылар ағынын тиімді ұйымдастыру үшін үй-жайлар қайта жоспарланды.

Кешенді жаңғырту тек вокзал ғимараттарын ғана емес, сонымен қатар жолаушылар платформаларын, вокзал маңындағы алаңдарды және инженерлік инфрақұрылымды да қамтыды. Барлық нысандар заманауи қауіпсіздік талаптарына, санитарлық нормаларға және қызмет көрсету стандарттарына сәйкестендірілді.

Елдегі теміржол вокзалдарының басым бөлігі 1950–1970 жылдары салынған, ал кейбір ғимараттар 80–100 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Нысандардың шамамен 70 пайызы ондаған жылдар бойы күрделі жөндеуден өтпеген.

Өңірлер бойынша реконструкциядан кейін келесі вокзалдар ашылды: Абай облысы – Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары; Ақмола облысы – Курорт-Бурабай, Шортанды, Макинка және Ақкөл; Атырау облысы – Ганюшкино және Аққыстау; Батыс Қазақстан облысы – Семиглавый Мар, Қазақстан және Шыңғырлау; Қарағанды облысы – Қарағанды-Сортировочная, Жаңа Қарағанды және Нұра, сондай-ақ Қарағанды-Сортировочная станциясының жолаушылар платформасы жаңартылды; Қостанай облысы – Аманқарағай және Құсмұрын; Қызылорда облысы – Жаңақорған, Қазалы, Шиелі және Талап станциясының платформасы; Алматы облысы – Қонаев және Шамалған; Жетісу облысы – Талдықорған; Солтүстік Қазақстан облысы – Тайынша, Жаңаесіл және Саумалкөл; Шығыс Қазақстан облысы – Риддер және Шемонаиха; Павлодар облысы – Бозшакөл платформасы.

Көлік министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде жолаушылар инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңартуды және азаматтар үшін заманауи, қауіпсіз және жайлы жағдай жасау жұмыстарын жалғастырады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.