Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Үкімет Ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті
Жаңалықтар

Үкімет Ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті

29.05.2026244 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін сапалы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚР Үкіметі 2026–2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Кешенді жоспар халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға, сондай-ақ жануарларды аурулардан сақтау мен ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

«Жүйелі шаралардың нәтижесінде Қазақстан жануарлардың аса қауіпті ауруларының бірқатары, соның ішінде аусыл, африкалық жылқы обасы, африкалық және классикалық шошқа обасы бойынша халықаралық мәртебеге ие болды. Бұл өз кезегінде отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік берді», – деп атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.

Жоспардың негізгі басымдықтары ретінде жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы күрес, ветеринария мамандарының жалақысын көтеру, ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, экспорттық жеткізілімдерді кеңейту және ішкі нарықты қорғау, зертханалық бақылауды күшейту, өнімнің өмірлік цикінің барлық кезеңінде (туған сәтінен бастап өнімді өткізуге дейін) қадағалау, ветеринария саласын цифрландыруды кеңейту және ветеринариялық фармацевтика технологияларын дамыту мәселелері айқындалды. Қазіргі таңда елімізде ветеринариялық препараттар өндіретін 21 зауыт жұмыс істейді.

Қазақстан аумағын жануарлардың аса қауіпті ауруларынан қорғау, еліміздің эпизоотиялық тұрақтылығын сақтау және техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін өнімдердің ішкі нарыққа енуіне жол бермеу үшін шекара маңындағы аумақтарда ветеринариялық 67 бақылау бекеті жұмыс істейді.

2025 жылы Қазақстан шекарасы арқылы импорттық, экспорттық және транзиттік операциялар барысында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар 700 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімін тасымалдаған 60 мыңға жуық автокөлікті тексеруден өткізді.

Процестерді цифрландыру, сондай-ақ деректерді жинау мен беруді автоматтандыру аясында «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» ақпараттық жүйесіне бастапқы және нақты деректерді ақпараттық жүйелерге автоматты түрде тікелей жолдауға мүмкіндік беретін жаңа функционалдар әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Олардың қатарында ISZH-MOBILE, TortTulik жүйелері бар. Мал шаруашылығы өнімдерін қадағалауды «фермадан үстелге дейін» қағидаты бойынша қамтамасыз ету шеңберінде «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» модулі жүзеге асырылуда. Аталған жүйеге ішкі сауда, зертхана, сою нысандары қосылған. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілерін модульге кезең-кезеңімен қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Процестерді цифрландыру және автоматтандыру бағытындағы барлық жұмыс Кешенді жоспар шеңберінде алдағы уақытта да жалғасады.

Бұдан бөлек, 2030 жылға қарай Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын 80%-ға дейін жаңарту және толықтыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға қатысты ветеринариялық ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақы төлеу қоры 1,5-2,5 есеге дейін артады.

Кешенді жоспарды жүзеге асыру ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, тұрақты эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз етуге, аккредиттеу саласын кеңейте отырып, зертханалық базаны күшейтуге, ел аумағына әкелінетін және ішкі нарықта өткізілетін бақылаудағы жүктерге мемлекеттік бақылауды күшейтуге, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экспорттық мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Биыл 7 миллионға жуық баланың шотына Ұлттық қордан инвестициялық қаражат түсті

29.05.2026428 Views

Соңғы 10 жылда балалар үйлері тәрбиеленушілерінің саны екі есе азайды

29.05.2026183 Views

Жазда «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

29.05.2026253 Views
Соңғы жаңалықтар

Үкімет Ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті

29.05.2026

Биыл 7 миллионға жуық баланың шотына Ұлттық қордан инвестициялық қаражат түсті

29.05.2026

Соңғы 10 жылда балалар үйлері тәрбиеленушілерінің саны екі есе азайды

29.05.2026

Жазда «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

29.05.2026

AI-Sana бағдарламасы аясында Қазақстан студенттері 673 мыңнан астам сертификат алды

29.05.2026

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

29.05.2026

Мемлекеттік қызметтердегі жүйелі мәселелерді шешу

29.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.