Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»ЖИ-агенті құқықтық мәселелер бойынша 170 мыңнан астам өтінішті өңдеді
Жаңалықтар

ЖИ-агенті құқықтық мәселелер бойынша 170 мыңнан астам өтінішті өңдеді

10.04.2026178 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ведомство жүзеге асырып жатқан негізгі цифрлық жобалар туралы айтты. «Е-Заңнама» бірыңғай нормашығармашылық жүйесі заң шығару процесінің барлық кезеңін – бастамадан соңғы жариялауға дейін біріктіреді. Бұрын алты-жеті ақпараттық жүйе қолданылған болса, қазір барлығы бір жүйеде қолжетімді.

Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық кеңес беретін ЖИ-агентті іске қосты, ол «Әділет» сайтында қолжетімді.

«Сіз сайтқа кіріп, кез келген сұрақ қойып, заңгерлік кеңес ала аласыз. ЖИ-агенті қазірдің өзінде 170 мыңнан астам өтінішті өңдеді. Біз азаматтарға тұрақты құқықтық көмек көрсетілгенін қалаймыз», – деді Бекболат Молдабеков.

Вице-министрдің айтуынша, «Ашық НҚА» сайтында жарияланған заң жобаларын оқитындар өте аз.

«Ашық НҚА» порталында азаматтар заң жобасының мазмұнымен оны қабылданғанға дейін таныса алады. Егер келіспесе, өз пікірін қалдыруға мүмкіндігі бар. Қазір бұл порталды негізінен заңгерлер мен мемлекеттік қызметшілер белсенді пайдаланады. Біз қарапайым азаматтардың да сайтқа жиі кіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюын қалаймыз. Болашақта бұл салаға да жасанды интеллект енгізу жоспарлануда, ол заңның азаматтарға қалай әсер ететінін қарапайым тілмен түсіндіреді», – деп түсіндірді спикер.

Сонымен қатар ведомство жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базаларының ұлттық тізілімдерін жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

МҮФТИЯТТА АСАБАЛАРМЕН ТОЙ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18.11.20263 952 Views

19 қарашада Қытайда Си Цзиньпин, Трамп, Путин үшжақты кездесу өткізеді

18.11.20263 675 Views

Екі студенттің өлімінен кейін министрлік ҚазҰУ-ды тексермек

18.11.2026786 Views
Соңғы жаңалықтар

Жастар мен ардагерлер батырлар рухына тағзым етті

19.11.2026

МҮФТИЯТТА АСАБАЛАРМЕН ТОЙ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18.11.2026

19 қарашада Қытайда Си Цзиньпин, Трамп, Путин үшжақты кездесу өткізеді

18.11.2026

Екі студенттің өлімінен кейін министрлік ҚазҰУ-ды тексермек

18.11.2026

Nvidia Хуангты бас директор қызметіне қайта тағайындаудан бас тартты

18.11.2026

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салынады

18.11.2026

Жолаушылар жолақысын төлеуден неге жалтарады?

18.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.