Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңге
Жаңалықтар

Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңге

03.04.2026358 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны» (ЭКСЖ) жүзеге асыруға арналған Жобалық кеңсенің отырысын өткізді. Бүгінгі таңда 2026 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңге. Оның ішінде 634 млрд теңге Ұлттық жоба арқылы, тағы 542 млрд теңге тариф қалыптастыру тетігі аясындағы қолданыстағы инвестициялық бағдарламалар шеңберінде қарастырылған, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ЭКСЖ электронды платформасы арқылы жалпы құны 482 млрд теңге болатын конкурстық рәсімдерге дайын 206 жоба өтуде. Оның 168-і нақты жүзеге асырылып жатыр.

Инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету жөніндегі жоспар 100% орындалғанына қарамастан, бірқатар өңірде 2026 жылға арналған ұлттық жобаны іске асырудың бекітілген кестесінен едәуір артта қалғаны анықталды. Жылумен жабдықтау саласында Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Абай облыстары, электрмен жабдықтау саласында Абай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары, сумен жабдықтау саласында Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстары, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалалары, су бұру (кәріз) саласында Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, Абай облысы және Астана қаласы кестеден қалып отыр.

Сонымен қатар келер жылға өтінімдер беру барысында өңірлердің белсенділігі төмен екені байқалады.

Вице-премьер 2027 жылға қарай әкімдіктер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы «қызыл аймақты» толық жоюға тиіс екенін атап өтті. Сәуір айының соңына дейін барлық жоба бойынша, ең алдымен «қызыл аймақтағы» кәсіпорындарға қатысты ЭКСЖ платформасына өтінімдерді толық енгізу тапсырылды. Тапсырмалар уақытылы орындалмаған және сапасыз орындалған жағдайда жауапты тұлғаларға қатысты жеке жауапкершілік шаралары қабылданады.

Отырыс барысында жобаларды қаржыландыру мәселелері де қаралды. «Бәйтерек» холдингі ұлттық жоба аясында 1500-ден астам өтінімді қарастырып, оның ішінде жалпы сомасы 520,6 млрд теңге болатын 231 жоба  екінші кезеңде мақұлданған. Қаржыландыру «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және екінші деңгейлі банктер арқылы тікелей кредит беру, сондай-ақ «ҚЖҚ» АҚ қатысуымен әкімдіктердің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу тетігі арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда 231 жобаның 37-сі бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Аталған жобалар іске асыруға дайын.

Күн тәртібінде цифрландыру саласы да  талқыланды. ТКШ саласында деректерді жинау, беру және талдаудың көпдеңгейлі жүйесін қалыптастыру қажеттігі атап өтілді. Бұл жүйе «төменнен жоғары» қағидаты бойынша тұтынушылардан коммуналдық кәсіпорындарға дейінгі деңгейлерді біріктіре отырып, «EnergyTech» және «WaterTech» платформаларымен интеграцияланып, «Smart Turmys» жүйесімен синхрондалу5f тиіс. Тиісті тапсырмалар Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне, сондай-ақ «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-на берілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026741 Views

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026193 Views

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026218 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026

Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңге

03.04.2026

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

03.04.2026

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтіп жатыр

03.04.2026

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады

03.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.