Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙДІ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙДІ

12.02.20261 459 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қызылорда қаласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 369 млрд 412 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 118,5 пайызға артқан. Бұл облыс бойынша жалпы инвестиция көлемінің 47,7 пайызына тең. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді. Кездесу барысында шаһар басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен баяндады.
Нұржан Сәбитұлының мәліметінше, есепті кезеңде құрылыс саласында да оң серпін байқалады. Қала аумағында атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 182 млрд 276 млн теңгеге жетіп, 111,3 пайыздық өсім көрсеткен. Облыстағы үлесі 49,8 пайызды құрайды.
«Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнім көлемі 17 млрд 076 млн теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 100,8 пайызды көрсетті. Ал бөлшек сауда айналымы 499 млрд 724 млн теңгеге жетіп, 102,6 пайызға артты. Бұл көрсеткіш облыс көлемінің 86,1 пайызына тең. Әлеуметтің ең әлеуетті әрі өзекті мәселесі баспана. Бұл бағытта Қызылорда республика бойынша алдыңғы қатарда тұр. Өткен жылы көпқабатты тұрғын үйлерді салу және сатып алу үшін 35 млрд 812 млн теңге жұмсалып, 1 890 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізген. Ал биыл кезекте тұрған отбасыларға тұрғын үй сатып алу мақсатында облыстық бюджеттен 39 млрд 474 млн теңге бөлініп отыр», – деді Нұржан Ахатов.
Сонымен қатар, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Аймақ басшысының тікелей қолдауымен өткен жылы бұл салаға 30 млрд теңге қарастырылып, нәтижесінде 79 көшеде жол құрылысы жүргізіліп, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары атқарылған.
Қаланың негізгі магистральдарының бірі — «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылы екі кезең бойынша жаңғыртылып, толықтай пайдалануға берілді. Қала әкімінің айтуынша, атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және Қызылорданың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.20261 928 Views

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026719 Views

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026593 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.2026

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

САЙЛАУ КҮНІ – ЖӘРМЕҢКЕГЕ ДЕ ЖОЛ ТҮСТІ

23.08.2026

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

23.08.2026

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.