Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Премьер-министр салық реформасы бойынша түсіндіру жұмыстарының барысымен танысты
Жаңалықтар

Премьер-министр салық реформасы бойынша түсіндіру жұмыстарының барысымен танысты

23.01.2026248 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің халыққа Жолдауында және Ұлттық құрылтайда алға қойған міндеттері аясында Электронды қаржы орталығының (ЭҚО) цифрлық инфрақұрылымымен және халық пен бизнеске салық реформасы туралы жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Онда Бірыңғай байланыс орталығының жұмысы көрсетілді. Салық төлеушілерге кеңес беру үш деңгейлі жүйе арқылы жүзеге асырылады: бастапқы түсіндіру, қолдау көрсету және ақпараттық жүйелерге өзгерістер енгізу. Биылғы қаңтар айының басынан бері 1414 байланыс желісіне, мессенджерлер және ЖИ-мен жұмыс істейтін чат-боттарға телефон қоңыраулары арқылы 135,5 мыңға жуық өтініш келіп түсті.

Күн сайын операторлар орта есеппен 13-14 мың өтініш қабылдайды. Олардың 7 мыңға жуығы салық реформасы, әлеуметтік төлемдер және тағы да басқа мәселелерге қатысты сұрақтар. Қажет болған жағдайда азаматтар мен бизнестің қоңыраулары мен хабарламалары жүйелік шешімдерді талдау және қабылдау үшін тиісті бөлімшелерге жіберіледі.

«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде атап өткендей, біздің міндетіміз – Салық кодексінің жаңа нормаларын енгізе отырып, «фискалдық транзитті» біркелкі, әрі жанжалсыз өткізу. Халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылдың тиімді жүйесін құру. Біз әділ де тиімді салық жүйесін орнатамыз, осы ретте біртіндеп салық төлеу мәдениетін қалыптастыруға бет бұрып келеміз. Салық төлеу арқылы туған өлкенің дамуына үлес қосуға болады деген саналы тәсілді ынталандыру маңызды. Президент те патриотизмнің осы түрі туралы айтып отыр. Бүгін біз бизнестің әділ Қазақстан қағидаттарына біртіндеп бейімделіп келе жатқанын көріп отырмыз. 2025 жылы бизнес субъектілері өз бетінше 750 млрд теңгеден астам салық төледі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр салық реформасы барлық өзгеде жаңашылдықтар сияқты қиындықтар мен жаңа сын-қатерлерге толы болатынын атап өтті. Соған қарамастан, Қазақстанда іскерлік белсенділік артуда. Қаржы министрлігінің деректері бойынша 2025 жылы елде 480 мың жаңа заңды тұлға тіркелген. Осы жылдың алғашқы 20 күнінде – тағы 22 мың субъект, бұл бизнестің жаппай жабылуы туралы болжамдардың теріс екенін көрсетеді. Алайда бизнестің қызметіне нақты кедергі келтіретін нормаларды анықтаған кезде оларды қорытып, түзету бойынша ұсыныстар енгізу керек.

Салықтық әкімшілендіруді оңайлату және бюрократиялық рәсімдерді төмендету бойынша елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды халыққа қолжетімді және сапалы түсіндіруге баса назар аударылды.

ЭҚЖ азаматтардың, бизнестің және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының негізгі сервистік құралы болып саналады. Қаржы министрлігінің цифрлық инфрақұрылымының негізгі объектісі салық төлеушілерге консультациялық қызметтерді, ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеуді және әкімшілендіруді қамтамасыз етеді.

Бөлімшелер барлық қызметті бір алаңға шоғырландырған жаңа ғимаратқа орналастырылды, бұл өз кезегінде ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттырды.

Кеңес беруден бөлек, ЭҚО мамандары фискалдық және бюджеттік саясатқа жауапты 21 ақпараттық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Орталық бюджеттік процесс интеграторын сүйемелдеу, мемлекеттік сатып алулар порталына операторлық және сервистік қолдау көрсету және тағы басқа бағыттар бойынша мемлекеттік оператор қызметін атқарады.

Премьер-министр нысанды аралау қорытындысы бойынша Қаржы министрлігіне Электрондық қаржы орталығын одан әрі технологиялық жаңғырту және азаматтардың өтініштерін барлық байланыс арналары арқылы өңдеу қуаттылықтарын арттыру үшін қажетті барлық жағдайды қамтамасыз етуді тапсырды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

2025 жылы қазақстандықтарға 4 трлн 225 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді

23.01.2026861 Views

Мәжіліс депутаты Цифрлық кодекстің негізгі қағидаттарын атады

23.01.2026183 Views

Цифрлық кодекс: биометриялық ақпаратты қорғаудың ерекше режимі енгізіледі

23.01.2026129 Views
Соңғы жаңалықтар

2025 жылы қазақстандықтарға 4 трлн 225 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді

23.01.2026

Мәжіліс депутаты Цифрлық кодекстің негізгі қағидаттарын атады

23.01.2026

Цифрлық кодекс: биометриялық ақпаратты қорғаудың ерекше режимі енгізіледі

23.01.2026

Премьер-министр салық реформасы бойынша түсіндіру жұмыстарының барысымен танысты

23.01.2026

Fabe Polska компаниясы Қазақстанда құны 69 млрд теңге болатын жылыжай кешенін салады

23.01.2026

Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады

23.01.2026

Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды

23.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.