Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Үкімет еліміздегі барлық қала мен ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын аяқтады
Жаңалықтар

Үкімет еліміздегі барлық қала мен ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын аяқтады

13.01.2026565 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, сондай-ақ цифрландыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында Үкіметтің алдына 5 жыл ішінде елді мекендердің барлығын ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін қойған болатын. Жиында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Сонымен қатар, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов топтық су құбыры және су үнемдеу жобаларын жүзеге асыру туралы хабарлады. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ылғалды көп қажет ететін дақылдар алқаптарын сумен қамтамасыз ету туралы айтты. Су саласындағы цифрландыру туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев сөз сөйледі. Сондай-ақ, бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметі бойынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін халықты ауыз сумен толық қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда нысаналы көрсеткішке қол жеткізілді: еліміздегі барлық 90 қала мен 7,5 млн тұрғыны бар 6087 ауылдық елді мекен ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелеріне қосылды.

Премьер-министр су шаруашылығы инфрақұрылымын одан әрі дамытуға жүйелі түрде қарау маңызды екенін атап өтті.

«Халық санының және жалпы экономиканың өсуімен бірге елімізде су тұтыну көлемі де ұлғая береді. Сондықтан таза ауыз су мәселесінің өзектілігі де күн өткен сайын арта түспек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау жобаларын жүзеге асыру аяқталды. Дегенмен, ауыз сумен қамтамасыз ету – үздіксіз жүретін процесс. Сондықтан барлық жауапты мемлекеттік органдар бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауы қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сумен жабдықтау желілерінің қызметі мен ауыз судың сапасына назар аударылды. Өткен жылы азаматтардан сумен жабдықтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға 70 мыңға жуық арыз-шағым түскен. Осыған байланысты әкімдіктерге әрбір шағым бойынша тексеру жүргізіп, міндетін адал атқармаған ұйымдарға қатаң шара қолдану тапсырылды.

Тұрғындар тарапынан сұраныстың өсуі, жаңа аудандардың салынуы қолданыстағы жүйелерді жаңғыртуды талап етеді. Олжас Бектенов Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Оның оң нәтижесі – желілердің тозу деңгейі азайып келе жатқаны қазірдің өзінде байқалып отыр.

Биылғы вегетациялық кезеңде су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін деген болжамға сәйкес су үнемдеу технологияларын енгізудің, әсіресе ауыл шаруашылығындағы маңыздылығын атап өтілді.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында мемлекеттік органдарға су саласын цифрландыру жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Бірінші кезекте осы жылдың соңына дейін жерүсті және жерасты су көздері туралы деректерді біріктіретін Су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын құру керек. Аталған жобаны жүзеге асыру Ұлттық су балансының картасын қалыптастырып, гидрогеологиялық мониторингті жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар суару каналдарын цифрландыру жұмыстарын жалғастырған жөн.

«Сондай-ақ біздің алдымызда әлемдік озық тәжірибелерді қолдана отырып, қалалық су каналдарының өндірістік процестерін толық автоматтандыру және цифрландыру міндеті тұр. Бастапқы су көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейін суды толық бақылауды қамтамасыз ету қажет. Барлық жұмыс сапалы әрі уақытылы жүргізілуге тиіс», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет отырысының қорытындысында Премьер-министр бірқатар тасырма берді.

  • Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алдына әкімдіктермен бірге жалпы сипаттағы трансферттердің бөлінген сомалары мен Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жобаларының жүзеге асырылуына жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз ету міндеті қойылды. Өтінімдер саны мен өңделетін ақпарат көлемінің өсуін ескере отырып, Ұлттық жобаның бірыңғай электрондық платформасының жұмысында техникалық істен шығу жағдайларына жол берілмегені маңызды.
  • Су ресурстары министрлігіне жыл соңына дейін 142 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін жақсартуға мүмкіндік беретін 12 жобаны жүзеге асыру шараларын қабылдау тапсырылды. Осы жылдың 30 шілдесіне дейін Түркістан облысындағы Шардара топтық су құбырын пайдалануға беру қажет. 15 қарашаға дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов және Соколов топтық су құбырларын жаңғырту жұмыстарын аяқтауға тиіс.
  • Қаржы министрлігіне республикалық бюджет шеңберінде көзделген сумен жабдықтау жобаларын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді, сондай-ақ, кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту үшін несие тарту мәселесінде әкімдіктерге әдіснамалық көмек көрсетілуге тиіс.
  • Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктері, сондай-ақ Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының әкімдіктеріне суды көп қажет ететін дақылдар бойынша егіс алқаптарының құрылымын суды пайдалану лимиттеріне қатаң сәйкестендіре отырып бекіту туралы бірқатар тасырма берілді.
  • Су ресурстары министрлігінің алдына фермерлерге су беруге қатысты барлық шарттардың Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі жол картасының индикаторларына сәйкес жасалуын қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Сонымен қатар Үкімет су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруға ерекше назар аударып отыр.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында атап өткендей, суға және тұтастай алғанда, қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегіне айналуға тиіс», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Суға ұқыпты қарау мәдениетін жастайынан қалыптастыру үшін Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне аталған жұмысқа атсалысу тапсырылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЙМАҚ БАСШЫСЫ «ШИЕЛІ-ТАЙҚОҢЫР» АВТОКӨЛІК ЖОЛЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

13.01.2026824 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 40 МВт КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

13.01.2026371 Views

Жоғары маржиналды дақылдардың егістік алқаптарын ұлғайту стратегиясы 2026 жылы да жалғасады

13.01.2026101 Views
Соңғы жаңалықтар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ «ШИЕЛІ-ТАЙҚОҢЫР» АВТОКӨЛІК ЖОЛЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

13.01.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 40 МВт КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

13.01.2026

Үкімет еліміздегі барлық қала мен ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын аяқтады

13.01.2026

Жоғары маржиналды дақылдардың егістік алқаптарын ұлғайту стратегиясы 2026 жылы да жалғасады

13.01.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

13.01.2026

Мемлекет басшысы конституциялық реформаға қатысты түсіп жатқан ұсыныстармен танысты

13.01.2026

2025 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 276 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

13.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.