Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен 12 млрд теңгеге Kokshe Arena көпфункционалды спорт кешені салынды
Жаңалықтар

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен 12 млрд теңгеге Kokshe Arena көпфункционалды спорт кешені салынды

15.12.2025184 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысының 2025 жылғы наурызда Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Көкшетауда Kokshe Arena заманауи көпфункционалды спорт кешенінің ашылуы өтті. Нысан Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен тұрғызылды. Бұл мақсатқа Үкімет 12,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ғимараттың сыйымдылығы шамамен 1 мың адамды құрайды. Кешенде заманауи мультимедиялық жүйелері бар 650 орындық көрермен залы, өрмелеу алаңы мен өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған мұнарасы бар әмбебап спорт залы қарастырылған. Бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфит залдары сертификатталған олимпиадалық стандарттағы құралдармен жабдықталған. Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін де барлық жағдай жасалған.

Іргелес аумақта жеңіл атлетика аймағы, ойын спорт түрлері мен лақтыру пәндеріне арналған алаңдар, сондай-ақ демалыс аймақтары жабдықталған.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, қаржы министрі Мәди Такиев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкин, UFC аясында өнер көрсететін аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов болды.

Kokshe Arena – қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған аймақтағы екінші спорттық инфрақұрылым нысаны. Бұған дейін облыста Зеренді аулында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылған болатын.

Ақмола облысында Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатына барлығы 42 әлеуметтік нысан, оның ішінде 14 денсаулық сақтау мекемесі, 26 сумен жабдықтау нысаны және 2 спорт мекемесінің құрылысы жоспарланған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.20261 928 Views

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026719 Views

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026593 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.2026

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

САЙЛАУ КҮНІ – ЖӘРМЕҢКЕГЕ ДЕ ЖОЛ ТҮСТІ

23.08.2026

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

23.08.2026

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.