Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Ардагерлермен сырлы кездесу
Қоғам

Ардагерлермен сырлы кездесу

27.04.2025255 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

250Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Азаматтық борыш” жобасы аясында кездесулер өтті.Ол кездесулерге Ауғаныстан соғысының ардагерлері: Мирзалиев Мұхит, Шымырбаев Жандос, Құнанбай Жұмат,  Мамбетов Құрманғали, Валиахметов Аят, Шалқарбеков Ержан, Сандуов Бекен және Алпысбаев Мақсат қатысқан болатын. Әр кездесуге кемінде 40 шақты студенттер қатысты. Кездесулер 10 колледжде өтті. Олар: ALT педагогикалық колледжінде, Принтмедиа технологиялар колледжінде, Алматы қаржы-экономикалық колледжінде, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде, Д.А.Қонаев атындағы колледжінде, Алматы көпсалалы колледжінде, Республикалық жоғары медицина колледжінде, Алматы құрылыс-техникалық колледжінде, Еуразия агро-техникалық колледжінже және Алматы электромеханикалық колледжінде өткен болатын.

 Кездесулердің негізгі мақсаты – жастарға отансүйгіштік пен елжандылықты дәріптеу, тарихқа құрметпен қарауға баулу, сондай-ақ ардагерлердің ерлігін үлгі ету. Бүгінгі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу – заман талабы. Осы мақсатта өткізілген «Азаматтық борыш» жобасы аясында біз, студенттер, Ауған соғысының ардагерлерімен тағылымды кездесулер өткіздік. Бұл шара жас буын мен ел үшін жанын шүберекке түйген ер азаматтардың арасындағы рухани көпірге айналды. Кездесудің басты қонақтары – Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген ардагерлер болды. Олар – елдің тыныштығы мен бейбіт болашағы үшін өз жастық шағын майдан шебінде өткізген азаматтар. Кездесу барысында ардагерлер студенттерге Ауғанстанда болған соғыс жайлы шынайы әрі жан тебірентерлік естеліктерімен бөлісті. Олар майдан даласындағы қиындықтар, достарының ерлігі, соғыс кезіндегі адамгершілік пен бауырмалдық туралы айтты. Ардагерлер өз сөздерінде бейбіт өмірдің, Тәуелсіздіктің қадірін білу керектігін баса айтты. «Біз соғыстың не екенін көрдік. Бүгінгі ұрпақ соғысты кітаптан оқып қана білсе екен дейміз» — деді ардагерлердің бірі.

Сондай-ақ, олар жастарды білім алуға, елге адал қызмет етуге, қоғамдағы белсенділікке шақырды. Көпшілік бұл кездесуден рухани әсер алып, өз елінің тарихына деген құрметі арта түскенін жасырмады. Мұндай кездесулер жастар мен ардагерлер арасында байланысты нығайтып қана қоймай, өткен тарихтан тағылым алып, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. «Азаматтық борыш» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл шара патриоттық тәрбиенің жарқын үлгісіне айналды.

Social project management орталығы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында елімізде қандай шаралар жүзеге асырылады?

13.03.2026291 Views

Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады

13.03.2026117 Views

60 мыңнан астам қазақстандық эковолонтерлікке жұмылдырылған

11.03.2026217 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17.03.2026

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026

САЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАСТАРЫ МОТОЦИКЛ ШЕРУІН ЖАСАП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

15.03.2026

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

15.03.2026

Арал ауданында өткен референдумға байланысты «Толқын» газетінің бас редакторы өз пікірін білдірді

15.03.2026

КӨК БӨРІ №260 УЧАСКЕДЕ

15.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.