Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Абай облысы қалай дамып жатыр: Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде алдағы жоспарлар туралы баяндады
Аймақ жаңалықтары

Абай облысы қалай дамып жатыр: Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде алдағы жоспарлар туралы баяндады

12.11.20251 457 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Semeytany.kz — Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен алдағы жоспарларын таныстырды. Әкім биылғы 9 ай қорытындысында көлік (123,4%), байланыс (106,4%), өңдеу өнеркәсібі (101,3%), ішкі сауда (105,9%), ауыл шаруашылығы (102,8%) және инвестиция тарту (103,1%) бағыттарында өсім сақталғанын айтты. 159,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Мемлекеттік бюджетке 441,4 млрд теңге түсті: соның 316,7 млрд теңгесі республикалық, 124,7 млрд теңгесі жергілікті бюджетке бағытталды (өсім – 137,3%). Облыс құрылған кезде 251,3 млрд теңге болған бюджет көлемі бүгінде 500,9 млрд теңгеге жетті.

Абай облысы қалай дамып жатыр: Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде алдағы жоспарлар туралы баяндады

Инвестициялар легі күшейді: іске асырылып жатқан жобалар саны 29-дан 97-ге артты, тартылған қаржы 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге ұлғайды. Жыл басынан бері 100-ден астам шетелдік инвестормен кездесу өткізілді. «Үлкен Алтай» халықаралық конференциясында Қытай компанияларымен 1,5 млрд долларлық 15 меморандумға қол қойылды.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 9 айда 339,5 млрд теңгені құрады. Су шаруашылығы бойынша 2024–2028 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында 6 су қоймасы салынып, 10 гидротехникалық нысан және 17 ирригациялық жүйе жаңартылады. Жаңасемей ауданында «ЕвразияАгроСемей» ЖШС базасында құны 7,7 млрд теңге, қуаты жылына 11,4 мың тонна болатын ет комбинатының құрылысы жүріп жатыр. Кәсіпорынды 2026 жылғы тамызда іске қосу көзделген.

Абай облысы қалай дамып жатыр: Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде алдағы жоспарлар туралы баяндады

Жылумен қамту – бақылауда. Президент пен Үкімет қолдауымен биыл бұл мақсатқа 11,8 млрд теңге бөлініп, Семейде 12 жылу көзі жаңғыртылды, 13,6 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Аягөз қаласындағы «Орталық» қазандығына қуаты 10 Гкал/сағат үш қазандық орнатылды.

Су, жол және көпір жобалары ілгерілеп келеді. Ауыл-аймақты таза ауыз сумен қамту үшін 33 жоба іске асуда. Семейде төрт жолақты жаңа көпір салынуда. Жергілікті жолдарға биыл 21,4 млрд теңге бөлініп, 358,8 шақырым жөнделуде. Қала ішінде 52 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, 40 ауланың аумағы асфальтталды.

Абай облысы қалай дамып жатыр: Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде алдағы жоспарлар туралы баяндады

Көлік-логистика, білім және денсаулық салалары да жаңарып жатыр. Ұзындығы 297,5 шақырым «Бақты–Аягөз» теміржолы құрылысы басталды. «Келешек мектептері» жобасы аясында биыл облыста 4 мектеп ашылды, Семейдің Шығыс кентінде 300 орындық мектеп салынып жатыр. Биыл 62 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны пайдалануға берілді, Ақсуат ауданының Қожагелді және Аққала ауылдарында жаңа медициналық пункттер ашылды.

Туризм мен мәдениетке серпін беріледі. Абайдың 180 жылдығына арналған «Абайға құрмет» акциясы шеңберінде еліміздің өңірлері облысқа әлеуметтік нысандар салып жатыр. Туристік инфрақұрылымды күшейту жалғасады: Мақаншы ауданындағы Алакөл жағалауының жаңа бас жоспары әзірленуде. Брифинг соңында аймақ басшысы 50-ге жуық БАҚ өкілінің сұрағына жауап берді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ: ӘРБІР ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

12.11.2025529 Views

Облыста кеңейтілген аппараттық кеңес өтті

12.11.2025591 Views

Мемлекет басшысы «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды

12.11.2025571 Views
Соңғы жаңалықтар

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ: ӘРБІР ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

12.11.2025

Абай облысы қалай дамып жатыр: Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде алдағы жоспарлар туралы баяндады

12.11.2025

Облыста кеңейтілген аппараттық кеңес өтті

12.11.2025

Мемлекет басшысы «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды

12.11.2025

2 миллионға жуық қазақстандық тұмауға қарсы вакцина алды

12.11.2025

Дәрігерлер әлемдегі ЖРВИ мен тұмау бойынша қазіргі жағдай туралы айтты

12.11.2025

Медицина қызметкерлері ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу ережелерін еске салды

12.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.