Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Облыста кеңейтілген аппараттық кеңес өтті
Аймақ жаңалықтары

Облыста кеңейтілген аппараттық кеңес өтті

12.11.2025592 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте 2024 жылғы мақсат индикаторларының орындалуы, 2025 жылғы облыс даму бюджетінің III тоқсан қорытындысы, «Мемлекеттік органдардың ашықтығы» және «Мемлекеттік қызметтер сапасын операциялық бағалау» мәселелері қаралды.

Жиынға облыстық басқарма басшылары мен өңірлік департамент жетекшілері қатысып, аудан және қала әкімдері бейнережимде қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Айжан Ысқақова, цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы және қаржы басқармасының басшысы Гүлфайрус Серікболова баяндама жасады.

Кеңесте мемлекеттік басқару тиімділігі мен ашықтықты күшейту бағытындағы жүйелі жұмыс атап өтілді: әкімдік қызметі кешенді түрде бағаланып, даму жоспарының орындалуы мен әлеуметтік көрсеткіштердің өсуі тұрақты бақылауда. Инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және әлеуметтік саланы жетілдіру өңірдің негізгі басымдықтары ретінде белгіленді.

«Ашық бюджет» және «Ашық диалог» бағыттары бойынша мониторинг үздіксіз жүргізілуде. Биыл өңірде 185 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жүріп жатыр, бөлінген қаржының мақсатты әрі уақтылы игерілуі әкімдіктің бақылауында.

Қорытынды сөзінде аймақ басшысы қала-аудан әкімдері мен басқармаларға бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру тәртібін қатаң сақтап, даму жоспары шеңберіндегі жобаларды мерзімінде және сапалы орындауды, сондай-ақ құрылыс нысандарын уақытында аяқтауды тапсырды.

Ақпарат: Semeytany.kz алынды

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.20261 050 Views

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.20260 Views

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3%-ға өсті

21.08.2026527 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3%-ға өсті

21.08.2026

ҚР ҰЭМ: 48,7 млрд теңге мал шаруашылығын дамытуға бағытталды

21.08.2026

Солтүстік Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілі енгізіледі

21.08.2026

Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» аясында тазалық акциясы өтті

21.08.2026

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.