Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Қарағанды облысында 92 медициналық нысан салынды
Аймақ жаңалықтары

Қарағанды облысында 92 медициналық нысан салынды

12.11.2025364 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қарағанды облысында жұмыспен қамту шараларымен 46 мың адам қамтылды. 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. 896 отбасы 392 млн теңгеге атаулы көмек алды. Мүгедектігі бар адамдар үшін «Террикон алқабы» базасында IT-жоба іске асырылып жатыр. Биыл 50 адам оқытылуда. Бұл жайлы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Өңір басшысы тұрғындарға несиелерін өтеуге көмектесетін «Қайта Бастау» жобасы туралы айтып берді.

«Біз қаржылық сауаттылық сабақтарын өткіземіз, жұмыс табуға және банктермен қарызды өтеудің жеке шарттары туралы келіссөздер жүргізуге көмектесеміз. Бағдарламаны 1 045 адам пайдаланып үлгерді. Сондай-ақ «Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы 11 мыңнан астам тұрғынға көмектесті», – деді спикер.

Биыл мемлекеттік тапсырыс есебінен облыстық бюджеттен 5 жаңа жекеменшік балабақшада 525 қосымша орын қамтамасыз етіліп, 522 орындық балабақшалар кеңейтілді. 2-6 жасьағы балаларды қамту 89,6%-дан асады. Жыл сонына дейін тағы да 3 мекеме ашып, жұмыс істеп тұрған бақшаларды 951 орынға кеңейту жоспарланып отыр.

Аймақта биыл алты мектептің құрылысы аяқталды, оның бесеуі «Келешек мектептері» жобасы бойынша, тағы бесеуі салынып жатыр. 265 білім беру нысаны жөнделді, оның ішінде 33 нысан күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар 35 ауыл мектебі жаңғыртылады. 78 заманауи кабинет сатып алынды, бұл мектептердің жабдықталуын 85%-ға дейін арттырады. 72 мың оқушы тегін тамақтанады, мыңнан астам бала тасымалдаумен қамтамасыз етіледі.

«Президенттің ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде 92 медициналық нысан салынды. Оның 51-і «Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен салынды. 113 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Теміртауда ангиографиялық операция бөлмесінің құрылысы аяқталды. Балқашта бұрынғы шипажай ғимаратын оңалту орталығы ретінде қайта жаңарту және көпбейінді аурухананы күрделі жөндеу жалғасуда. Осы жылы Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан онкологиялық орталықтың операциялық-реанимациялық блогын жабдықтауға 6,2 млрд теңге бөлді», – деді Е.Бөлекпаев.

Биыл ауыл ауруханаларына 67 жас дәрігер жұмысқа келді. Оларға 8,5 млн теңгеге дейін көтерме жәрдемақы түрінде қолдау көрсетілді. Қаржыландырудың жалпы сомасы 419 млн теңгені құрайды. Сонымен катар 2023 жылдан бері медицина қызметшілеріне 250 пәтер берілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

02.04.202616 Views

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026104 Views

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026177 Views
Соңғы жаңалықтар

ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

02.04.2026

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026

Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

31.03.2026

Су тасқынына дайындық аясында барлық көпір мен су құбырлары тазартылды

31.03.2026

«ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері автожолдарда 47 млн текше метр қар тазартты

31.03.2026

Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба мерзімі ұзартылды

31.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.