Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»«АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ – ОЗАТ АУДАН АТАНДЫ
Басты жаңалықтар

«АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ – ОЗАТ АУДАН АТАНДЫ

17.10.2025869 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс орталығында, Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында дәстүрлі «Алтын күз – 2025» мерекелік шарасы өтті.
Салтанатты жиын ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің қажырлы еңбегін бағалау, жыл қорытындысы бойынша үздіктерді марапаттау және еңбек адамын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Мерекелік жиын барысында ауыл шаруашылығы саласында жоғары нәтижеге қол жеткізген аудан, шаруашылық және еңбек озаттарына Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Салтанатты марапатты облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев табыстады.
Олардың қатарында Шиелі ауданы биылғы егін жинау науқанында үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп, «Озат аудан» атанды.
Сонымен қатар, шиелілік диқандар төмендегі аталымдар бойынша да жеңімпаз атанды:
•🏅 «Озат бидай өсіруші»,
•🏅 «Озат мақсары өсіруші»,
•🏅 «Озат картоп өсіруші»,
•🏅 «Озат бригадир» номинациялары.
Бұл жетістіктер – аудан еңбеккерлерінің табанды еңбегі мен ауыл шаруашылығы саласындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.
🌻 Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы – тұрақты даму жолында
2025 жылдың 1 қазанына сәйкес статистикалық мәліметтер бойынша, Шиелі ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша 40 144,8 млн теңгенің өнімі өндірілді.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,7 пайызға артқан.
Аудан бойынша биылғы жылы 30 192 гектар жерге әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Оның ішінде:күздік бидай – 1197 га,жаздық бидай – 694 га,тары – 240 га,дән жүгері – 862,5 га,мақсары – 1044 га,күнбағыс – 35,5 га,соя – 78 га,жаңа жоңышқа – 2661 га,ескі жоңышқа – 5409 га,
мал жемдік асқабақ – 197 га,жемдік жүгері – 80 га,картоп – 613 га,көкөніс – 2238,6 га,бақша дақылдары – 2541,8 га.
Негізгі дақыл – күріштің үлесі 12 301 гектарды құрайды.
🚜 Техника және су үнемдеу технологиялары
Соңғы 4 жылда ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының техника паркі 65 пайызға жаңартылды.
Бұл өз кезегінде өнім көлемін ұлғайту мен еңбек өнімділігін арттыруға оң ықпал етті.
Су тапшылығын болдырмау мақсатында биылғы жылы 9500 гектар жер лазерлік тегістеуден өтті.
Сонымен қатар, 2100 гектар жерге тамшылатып суару әдісі қолданылды.
Оның 700 гектары – «Таң ЛТД» ЖШС-нің дән жүгері дақылы, ал 1400 гектары – жеке тұрғындар мен үлескерлердің көкөніс және бақша дақылдары.
🌍 Экспорт көрсеткіштері
2025 жылдың ақпан айынан бастап Шиелі ауданынан:
  • Қырғызстанға – 352 тонна ақ күріш,
  • Қытайға – 20 тонна мия тамыры,
  • Ресей Федерациясына – 710 тонна қарбыз, 260 тонна қызанақ, 245 тонна қауын экспортталды.
Бұл – аудан диқандарының еңбегі халықаралық нарықта сұранысқа ие екенін айқын көрсетеді.
🌾Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері – ел экономикасының дамуына қосылған зор үлес.
Тынбай еңбек еткен диқандар мен шаруаларға алғыс білдіреміз!
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026430 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.