Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»АУДАН ӘКІМІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІН МЕРЕЙТОЙЛАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Аймақ жаңалықтары

АУДАН ӘКІМІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІН МЕРЕЙТОЙЛАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

15.10.2025418 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов адал еңбектің үлгісін көрсетіп, халықтың ықыласына бөленген ардақты ардагерлерді мерейтойларымен құттықтады.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосу ауыл шауашылығы саласының дамуына зор үлес қосқан еңбек және тыл ардагері Сайн Дәуіт ақсақалдың 90 жасқа, қаржы саласының ардагері Кемалбай Көпжасаровтың 75 жасқа және спорт саласының ардагері, КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Қуанған Бәкеннің 70 жасқа толған мерейтойларының құрметіне арналды.
Мерейтойлық жиында аудан басшысы Қазалы жұртшылығы атынан ардагерлерге құттықтау лебізін жеткізді.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ел мүддесі – бәрінен биік. Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Еңбек адамдары – еліміз бен мемлекетіміздің тірегі» деген болатын. Туған жер алдындағы азаматтық парызын адал атқарған ел ағаларының ерен еңбегі, мемлекетімізге қалтқысыз еткен адал қызметтері – біздерге қашанда үлгі-өнеге. Қасиетті Қазалы өңірінде түрлі салада аянбай тер төгіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар аз емес. Бүгінгі жиынымыз – қажырлы еңбегімен халықтың ыстық ықыласына бөленген, өнегелі істердің ұйытқысы болған ардақты ағаларымыздың құрметіне арналуда. Сіздердің парасат-пайымдарыңыз, тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз қазіргі жастар үшін құнды! Құрметті ел ағалары, мерейтойларыңыз құтты болсын!», – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Дәуіт Сайын Нұрмағанбетұлы еңбек жолын «Қызыл Ту» колхозы, қазіргі Жалаңтөс батыр ауылында қарапайым жұмысшы болып бастаған. 1952 жылы Қазалы қаласындағы ауылшаруашылық техникумына оқуға түсіп, 1957 жылы «Зоотехник» мамандығы бойынша бітірген. Техникумды тәмамдаған соң 1957-1960 жылдары Ленинград қаласында Отан алдындағы әскери борышын өтейді. 1960 жылы әскерден келгеннен кейін қой шаруашылығында кіші зоотехник, 1961-1965 жылдары колхозда ірі қара ферма меңгерушісі, 1965-1970 жылдары колхозда партия ұйымының хатшысы, басқарма орынбасары, 1970-1974 жылдары ірі қара ферма меңгерушісі абыройлы еңбек етті. Ал, 1974 жылдан зейнет демалысына шыққанша 20 жыл совхоздың ірі-қара фермасында «Бас Зоотехник» (цех бастығы) болып қызмет атқарды. Зейнет демалысына шыққаннан соң да қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, елдік іске белсене қатысты. Жалаңтөс батыр ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қоғамдық негізде жұмыс атқарды.
Кемалбай Көпжасаровтың еңбек жолы 1967 жылы Жаңақазалы поселкесіндегі Қазалы вагон жөндеу депосында комсомол жастар бригадасында басталған. 1968-1960 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. 1971-1976 жылдары тепловоз жөндеу депосында слесарь болып еңбек еткен. 1978 жылдан 2005 жылға дейін аудандық қаржы бөлімінде инспектор, ревизор, аудандық салық инспекциясында бөлім бастығы, аудиттік тексеру бөлімінде бас маман болып салық жүйесіндегі жаңа реформаларды жүзеге асыруда аянбай еңбек етті. 2006-2013 жылдары «Халық банкі» жинақтаушы зейнетақы қорының Қазалы бөлімшесінің басшысы болып абыройлы еңбек етті. Бүгінде аудандағы көптеген игілікті істерге ұйытқы болып, елді татулық пен бірлікке үндеп келеді.
Қуанған Суханұлының 1977 жылы Әйтеке би кентіндегі Қаныш Сәтбаев атындағы №216 мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінен басталған еңбек жолы Қазалы ауданының білім бөлімінде жалғасты. 1989-1990 жылдары Қазалы қаласындағы №11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 1998-2002 жылдары Қазалы ауданының №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2002-2004 жылдары Қазалы ауданының спорт және туризм комитетінің төрағасы, 2004-2005 жылдары Қазалы ауданының балалар мен жасөспірімдер арнайы грек-рим күресі спорт мектебінің директоры, 2005-2006 жылдары Қазалы қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2006-2020 жылдары №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры қызметтерін абыроймен атқарды. Еңбек ете жүріп, Қызылорда облысының грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының вице-президенті қызметтін қоғамдық негізде атқарды.
Басқосуда еңбек және тыл ардагері Сайн Дәуіт ақсақалға облыстың ең жоғарғы марапаты — Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасы, ал Кемалбай Молдабекұлы мен Қуанған Суханұлына Қазалы ауданының дамуына қосқан үлестері үшін ауданның ең жоғары марапаты – Қазалы ауданының «Құрмет» грамотасы табысталып, халқымыздың игі дәстүріне сай шапан жабылды.
Мерекелік жиында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Оразғали Бекбанов, Қазалы ауданының құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Қасқырбай Әлімбай, қаржы саласының ардагері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Жаппарберген Жалғасбаев, спорт саласының ардагері Шаймерден Айбосынов мерейтой иелерінің еңбек жолына тоқталып, құттықтау лебіздерін жеткізді.
Жиын соңында мерейтой иелері көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ел мен жердің амандығын тіледі.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Келешек мектептері»: 7 мыңға жуық педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтуде

15.10.2025428 Views

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасының реконструкциясы аяқталуға жақын

15.10.2025364 Views

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

15.10.2025185 Views
Соңғы жаңалықтар

«Келешек мектептері»: 7 мыңға жуық педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтуде

15.10.2025

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасының реконструкциясы аяқталуға жақын

15.10.2025

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

15.10.2025

285 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ төлем алды

15.10.2025

Үкіметте Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті

15.10.2025

Президент бірқатар заңға қол қойды

15.10.2025

БІЛІМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

15.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.