Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Білім»Білім жүйесіндегі бетбұрыс
Білім

Білім жүйесіндегі бетбұрыс

14.10.2025337 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген сөз бар. Осыдан 35 жыл бұрын тарихи әділдік орнап, еліміздің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты. Міне, осы күн еліміздің жаңа дәуірге қадам басқан сәтін айқындап, ұлттық жаңғырудың бастауына айналды. Егемен ел болу – тек туды көтеру емес, сананы, білім жүйесін де жаңғырту деген сөз.

Мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам десек, зүбәржат тасы – бала. Сондықтан жас ұрпақтың жанарындағы жалынды жаға білу – басты парызымыз. Осындай ізгі ниетпен мемлекетіміз балаларға, олардың сапалы білім алуына баса назар аударып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы­мен басталған «Келешек мек­теп­тері» ұлт­­­тық жобасы – елдің білім инф­рақұ­ры­­­лымын түбегейлі өзгертетін тың бас­та­ма. Жоба аясында жоспарланған 217 мек­тептің 150-і қазірдің өзінде жұ­мыс іс­теп тұр. Қалған мектептердің құ­ры­лысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс.

«Қазақ арасында білім жайылуына, әуелі, оқу үйренетін орындар сайлы болу керек, екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм халық арасына көп жайыларға керек», деген еді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Білім жарысы» атты мақаласында.  Расымен, сапалы білім ең алдымен орта қалыптастырудан басталады. Жай ғана ғимарат салу емес, баланың ой-қиялын оятатын, жаңа технологияға негізделген, білім алуға ынталандыратын кеңістік құру – бүгінгі күннің талабы. Осы тұрғыдан алғанда, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы білім саласындағы сапаны арттыруға арналған бірегей бағдарлама.

Ел болашағы мегаполис­тен ғана емес, ауылдан да басталады. Сондық­тан мектептердің тең жартысы ауылдық жерлерде салынып жатыр. Басты ерекшелік – стандарт бір. Ауылдағы баланың да, астанадағы оқушының да сыныбы, спорт залы, қауіпсіздік жүйесі, STEM кабинеті бірдей деңгейде. Демографиялық өсім артқан кезеңде мұндай бастама қазірдің өзінде жемісін беріп жатыр.

Еске сала кетейік, 2025–2026 оқу жылының басында 83 оқу оша­­ғы жаңадан ашылды, оның 57-сі –  «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептер. Оқу-ағарту министрлігі­нің мәліметінше, үш ауысым­ды мектептер саны 4 есе, апатты жағдайдағы мектептер 2 есе, оқу­шы орнының тапшылығы 4 есе қысқарған. Мәселен, биыл Шымкент қаласында, Ақмола және Қызылорда облыстарында үш ауысымды мектептер мәселесі жойылған. Қазір елімізде шамамен 3 мың мектеп бір ауысымда, 5 мың мектеп екі ауысымда жұмыс істейді.

«Келешек мектептері» моде­лінің тағы бір артықшылығы, мұнда теориямен шектелмей, тәжірибе алаңында білім алуға мүмкіндік жасалған. Осының бәрі де оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттырады, сыни ойлауын, цифрлық сауат­тылығын, шығармашылық және креативті қабілеттерін дамытады. Аталған мектепте әсіресе цифр­лық білімге ерекше көңіл бөлінеді. Соның ішінде жасанды интеллектіні оқу үдерісіне кіріктіру осы оқу жылынан бас­талды. Әрі инклюзивті білім де назардан тыс қалмаған. Арнайы еден жолақтары, лифт және психолог, дефектолог, сурдологтердің болуы ерекше білімді қажет ететін балалар­ға үлкен қолдау болатыны анық.

Білім саласының сапасы педагог кадрлардың сапасына тікелей байланысты. Өйткені жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді. Білікті маман ғана білімді оқу­шы тәрбиелей алады. Бүгінде «Келешек мектептерінің» 7 000-ға жуық мұғалімі арнайы курстардан өтіп жатыр. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын табады. Қазір жұмыс істеп жатқан 150 келешек мектебінде 150 директор болса, оның ішінде 40 мектепті «Білімдегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының резервистері бас­қарады. Бұл жоба президенттік жастар кадр резервінің үлгісінде жасалған. Үміткерлер бес кезеңнен тұратын іріктеуден өтіп, кешенді түрде оқытылады. Оған қоса, тәлімгерлермен жұмыс істеп, тағылымдамадан өтеді. Мұндай тәсіл сыни ойлайтын әрі өзгеріс­терге дайын басшылар шоғырын қалыптастырады.

Алдағы уақытта аталған мек­тептер моделі еліміздегі бар­лық жалпы білім беретін мектеп­тің дамуына негіз бол­мақ. Пысық­талған стандарттар, әдісте­мелер және басқару шешімдері республика бойынша таратылады.

Айта кетейік, ұлттық жоба аясында 460 мың орынға шақталған 217 мектеп ашылады деп жос­парланса, сондағы 208 нысанның құрылысын бірыңғай оператор ретінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жүзеге асырып отыр. Бұл – бұрынғыдай бөлек мердігер шақырып, жеке-жеке жоба жасайтын ескі тәсіл емес. Алғаш рет EPC-модель енгізілді, яғни бір оператор жобалау, құрылыс, жабдықтау, толық іске қосу жұмыстарының бәрін өз мойнына алады. Мұндай механизм әлеуметтің құрылыс саласында алғаш рет қолданылып отыр және осы жүйенің тиімді екеніне көзі­міз жетті. Мәселен, бір орталықтан басқарудың арқасында қазір 156 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделіп, мемлекет қазынасына қайтарылды.

«Норматив бойынша 300 орын­дық мектеп салуға 13 ай беріледі. Тіпті дәстүрлі әдіспен салғанның өзінде де 13 айда жоба толық аяқталмас еді, себебі жобалық құжаттаманы әзірлеу, бекіту және қаржыландыру көп уақыт пен күшті қажет етеді. Мысалы, Атырау облысы Сарыөзек ауы­лын­дағы 300 орындық мектеп EPC тетігінің арқасында небәрі 7,5 айда салынды. Алматы облысы Долан ауылындағы 1 200 орын­дық мектеп нормативтегі 21 айдың орнына 7 айда бой көтерді. Бұл – ұлттық жоба аясында ең жылдам салынған нысандардың бірі. Сондай-ақ Астанадағы 2 000 орындық мектеп небәрі 8 айда салынды (норматив – 26 ай). Бұл жерде әр мектептің құрылы­сында үш маманнан тұратын техника­лық қадағалау мамандары күн­делікті жұмыс істейді. Сапаны бақылау да кешенді жүргізіліп жатыр. Мердігерлерге қосымша талаптар қойылды, яғни олар құрылысқа бес жыл, жабдықтарға үш жыл кепілдік береді. Егер қандай да бір ақау шықса, оны өз қаржысы есебі­нен өтеуге міндетті», дейді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ төрағасы Мәулен Зарлықұлы.

Бекзат Құлшарұлы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Таза орта қалыптастырудың маңызы

14.10.2025740 Views

Биыл елімізде 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

14.10.2025251 Views

Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірісі 17,3 трлн теңгені құрады

14.10.2025951 Views
Соңғы жаңалықтар

Дәрі-дәрмек: Отандық өнімнің үлесі қандай?

14.10.2025

Білім жүйесіндегі бетбұрыс

14.10.2025

Таза орта қалыптастырудың маңызы

14.10.2025

Биыл елімізде 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

14.10.2025

Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірісі 17,3 трлн теңгені құрады

14.10.2025

Бюджет қаражатына бақылау күшейтілді

14.10.2025

Жыл басынан бері 269 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

14.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.