Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ ДАҢҒЫЛЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ ДАҢҒЫЛЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛДЫ

14.10.2025288 Views
default
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қызылорда қаласының келбеті жыл санап көркейіп келеді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылының екінші кезеңі аяқталып, Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі аралықтағы жаңа автомобиль жолы пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты қуанышты оқиғамен құттықтап, қала инфрақұрылымын дамытуда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.
“Қызылорда — мегаполис болмағанымен, қарқынды қалалық инфрақұрылым мен өмір сүру сапасын арттыру, экономиканы әртараптандыру бағытында нақты қадам жасаған қала. Халық саны жыл сайын өсуде, аймақ тұрғындарының шамамен 50%-ға жуығы облыс орталығында тұрады. Біз жұртшылықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған, қауіпсіз, таза, қолжетімді әрі зияткер қала құру бағытында нақты қадамдар жасадық.– деді өңір басшысы.
Соңғы жылдары облыс орталығында жол инфрақұрылымы айтарлықтай жаңарды. Шиелі ауданынан кіреберіс жол, Яссауи және Жаппасбай батыр көшелері кеңейтіліп, төрт жолақты қозғалыс қамтамасыз етілді. Ал бүгін ел игілігіне табысталған жаңа даңғыл – сол жұмыстардың заңды жалғасы.
Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалынан Гагарин көпіріне дейін созылған 27,3 шақырымдық жол заманауи стандарттарға сай төрт жолақты болып салынды. Жол бойындағы Сыздық, Жаңадария және Шіркейлі каналдары үстінен өтетін үш көпір де қайта жаңғыртудан өтті. Бұл ірі жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 23 миллиард 962 миллион теңге бағытталған.

Жолдың сапалы әрі уақытылы салынуына үлес қосқан «УАД» ЖШС ұжымына облыс әкімінің атынан алғыс білдірілді. Мердігер ұйым қызметкерлері Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды.
Ашылу рәсімі авто және велошерумен жалғасты. Шеру барысында соңғы жылдары өңірде техникалық жарақтандыру бойынша жасалған ілгері қадамдар көрініс тапты. Мәселен, үш жыл ішінде облыстың медицина саласына – 270 санитарлық көлік, білім саласына – 30 оқушы автобусы, қоғамдық көлік паркіне – 300 жаңа автобус пен 100 экотакси, төтенше жағдайлар қызметіне – 31 өрт сөндіру техникасы, коммуналдық мекемелерге – 169 арнайы техника, ветеринария саласына – 98 жаңа көлік берілген.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Премьер-министр: Жаңа Конституция жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат

02.02.2026327 Views

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

02.02.2026628 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

02.02.2026193 Views
Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр: Жаңа Конституция жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат

02.02.2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

02.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

02.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

02.02.2026

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АУРУХАНАҒА ЖАПСАРЛАС САЛЫНҒАН ЖАҢА ҒИМАРАТТЫ КӨРДІ

31.01.2026

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА

30.01.2026

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.