Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»«ДАМУ» ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ АЛҒА БАСЫП ЖАТЫР
Аймақ жаңалықтары

«ДАМУ» ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ АЛҒА БАСЫП ЖАТЫР

11.10.2025869 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының қозғаушы күші – шағын және орта бизнес. Осы салаға қолдау көрсетіп, жаңа мүмкіндіктер ашып отырған басты институттардың бірі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры. Қордың басты құралдарының бірі – банк несиелерін субсидиялау және кепілдендіру. Бұл жүйе кәсіпкерлерге қолжетімді пайыздық мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндік береді. Мысалы, мемлекет несиенің бір бөлігін субсидиялау арқылы кәсіп иелерінің қаржылық жүктемесін жеңілдетеді. Ал кепілдендіру тетігі бизнесі бар, бірақ кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз кәсіпкерлерге үлкен көмек. Аталған қордың ұйымдастыруымен облыста баспасөз туры бастауын алды. Тур барысында БАҚ өкілдері «Марал-Нұр» ЖШС және «Іңкәр-7» ЖШС-ның жұмыстарымен танысты.

Қызылорда облысында вагон жөндеу, құрастыру сынды ірі жоба жүзеге асуда. «Марал-Нұр» ЖШС Қазақстан теміржол саласында жиырма жыл бойы сапалы қызмет етіп келе жатқан жетекші операторлардың бірі. Компания аймақаралық «Қызылорда – Павлодар» және «Жезқазған – Астана» бағыттарында тұрақты қатынастарды қамтамасыз етеді.
Биыл Қызылорда қаласында заманауи «Цифрлық депо» кешенін іске қосу жоспарда бар. Дәл қазір 90% жұмысы аяқталған. Бұл жоба — жолаушылар вагондарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды бастама. Кешеннің ерекшелігі — жөндеу процесінің барлығы цифрлық басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл шешім қызмет сапасын арттырумен қатар, уақыт пен шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Инвестициялық жобаның құрылтайшысы «Марал-Нұр» ЖШС директоры Мұрат Нұрсаитовтың айтуынша, 15,4 млрд теңге инвестиция салынатын жоба 2 кезеңде жүзеге асты. Бірінші кезеңде жылына 560 жолаушылар вагонын ағымдағы жөндеу, 180 вагон депо жөндеу кешені жоспарланған. Ресейден 60 жабдық жеткізіліп, монтаждалды. Серіктестік бұған шамамен 3,2 млрд теңге жеке инвестиция салды. Одан бөлек, жобаны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2,2 млрд теңгеге қаржыландырды.

Екінші кезеңде жаңа технологияларды пайдаланып, вагон құрастыратын өндіріс құрылмақ. Ол – жылына 30-40 вагон шығаратын «Қызылорда вагон құрастыру зауыты». Ресейден және ҚХР-дан жабдықтар сатып алуға қажетті 8 млрд теңге «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қарастырылды. Шойын жолдың да жаңғыруы жанға жайлылық сыйлайды. Облыс аумағындағы жол сапасы да жылдан-жылға жақсаруда. Бастысы, жолаушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге толық мүмкіндік бар. Бұл бастамасы, осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.

Баспасөз турының келесі нүктесі студенттік жатақхана. Жатақхана — білім алушылардың сапалы өмір сүруі мен оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға арналған маңызды әлеуметтік нысан. Мұндай инфрақұрылым оқу орындарының тартымдылығын арттырып қана қоймай, жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға да ықпал етеді.
Осы бағытта «ForteBank» АҚ-ның несиесі бойынша, «Даму» қорының қолдауымен Қызылорда қаласында әлеуметтік маңызы бар тағы бір жоба сәтті жүзеге асты. «Іңкәр-7» ЖШС салған жаңа студенттік жатақхана қаланың орталық бөлігінде бой көтеріп, заманауи талаптарға сай тұрғызылды.
Ғимаратта студенттердің жайлы тұруына барлық жағдай жасалған: кең бөлмелер, оқу және демалыс аймақтары, асхана мен кір жуу бөлмелері қарастырылған. Әсіресе, қауіпсіздік пен санитарлық талаптарға ерекше көңіл бөлінген.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қызылордада «Жүректен жүрекке» мейірім мен өнер тоғысқан фестиваль өтті

06.12.2025217 Views

Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады

04.12.2025210 Views

Президент мәдениет, білім беру және отбасы мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

04.12.2025524 Views
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада «Жүректен жүрекке» мейірім мен өнер тоғысқан фестиваль өтті

06.12.2025

Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады

04.12.2025

Президент мәдениет, білім беру және отбасы мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

04.12.2025

Қызылордада балалар оңалту орталығы ашылды

04.12.2025

Қызылорда облысында фермерлермен өткен кездесуде Қанат Бозымбаев келесі жылдың вегетациялық кезеңінің тәуекелдерін талқылады

04.12.2025

«Таза Қазақстан»: Қызылордада студенттерге арналған экологиялық ашық сабақ өтті

04.12.2025

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада жаңа жобалар іске асып жатыр

03.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.