Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірленуде
Жаңалықтар

Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірленуде

10.10.2025259 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Торғай өңірін дамытуға және оның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізу үшін перспективалық жобаларды қарауға арналған жиын өткізді. Оған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Батталов, мемлекеттік органдардың вице-министрлері, бизнес-қоғамдастық өкілдері және тағы да басқалар қатысты, деп хабарлайды ҚР Үлттық экономика министрлігі.

Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының Жолдауда Торғай өңірін дамытуға басымдық беру қажеттігін ерекше атап өткенін еске салды.

Вице-премьер айтқандай, бұл мәселе орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты болғандықтан, үнемі Үкіметтің назарында. Өңірдің тарихи, стратегиялық және әлеуметтік-демографиялық маңыздылығын ескере отырып, даму жоспарын дайындау жұмысы басталды.

Талқылау барысында Торғай өңірінің келешегіне арналған ұсыныстар мен жобалар айтылды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қолайлы географиялық жағдай облысты Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік буынға айналдыратынын атап өтті. «Орталық-Батыс» автожолын салу және Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру сияқты инфрақұрылымдық бастамаларды жүзеге асыру инвестиция мен бизнеске жаңа мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, экономикалық жоспарда 400-ге жуық жұмыс орны ашылатын 62 млрд теңгеден аса соманың 11 инвестициялық жобасы қарастырылған. АӨК дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге, қайта өңдейтін 15 сою пунктін салуға басты назар аударылады. Осы мақсаттарға арнап, жылдық 2,5%-бен (СҚО тәжірибесі бойынша) 5,6 млрд теңге қарастырылған, көмірсутек өндіру мен қатты пайдалы қазбаны барлау жобасы жасалды.

Бизнес өкілдері де өз бастамаларын ұсынды. «Arkalyq Qus» ЖШС басшысы Максим Божко 2008 жылы құрылған кәсіпорын бүгінде 140 млн-ға жуық жұмыртқа өндіретінін хабарлады. Компания зауыт қуатын екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Құрылыс 2026 жылғы көктемде басталады. Сондай-ақ құрама жем зауыты мен органикалық тыңайтқыш өндіру зауытын салу жобасы жүзеге асырылуда. «Ұрпақ Агро» ЖШС құрылтайшысы компанияның етті мал шаруашылығы мен қайта өңдеуді одан әрі дамыту үшін 10 мың басқа дейін ұсақ мал сатып алу ниеті туралы хабарлады. «Zengi Group» ЖШС бас директоры Жәнібек Кенжебаев «Консорциум 20+1» жобасын ұсынды. Оған 12 инвестор тартылған. Бұл – 20 шағын фермасы мен басқарушы компаниясы бар, етті мал шаруашылығын орнықты дамытудың пилоттық моделі. Жәнібек Кенжебаевтың айтуынша, компания жобаны жүзеге асыруға шамамен 1,1 млрд теңге инвестиция салуға дайын. Бұл ретте қосымша қаржыландыру көзі пысықталуда. Вице-премьердің тапсырмасы бойынша, жобаны қолдау мәселесін Ұлттық экономика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қарайды.

Сондай-ақ жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі де талқыланды. Атап айтқанда, Астана – Ырғыз тас жолында жанармай құю стансаларын салу туралы. Қазіргі уақытта бұл учаскеде екі станса жұмыс істегенмен, жолдың ұзақтығын ескерсек, Егіндікөл мен Торғай аудандарында қосымша кешен салу қажет.

Осы бағытта жұмыс істеп жатқан «PetroRetail» компаниясы желіні дамыту және көбейту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Жанармай құю стансалары желісін көбейтумен қатар, компания Keruen Inn брендімен жол бойындағы қызмет көрсетуді де дамытуда. Мұндай алғашқы қонақ үй Жамбыл облысының Мерке ауданында ашылғаны белгілі. Осындай нысанды Торғай өңірінде де салу ұсынылып отыр.

Жиынды қорытындылай келе, Серік Жұманғарин барлық айтылған ұсынысты ескере отырып, жоспар жобасын пысықтауды және мәдениет, туризм, халықты жұмыспен қамту салаларын дамыту шараларын қарауды тапсырды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әкімдікпен бірлесіп, Арқалық, Амангелді және Жангелді ауданында жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүргізуі тиіс. Бұл инвестиция тарту және бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндік.

«Негізгі жобаларды анықтау, қаржыландыру үшін арнайы шарт жасау маңызды. Ұлттық экономика министрлігі өңірдің орнықты және кешенді дамуының драйвері болатын “Өрлеу-Торғай” жеке бағдарламасын бекітеді», — деп атап өтті вице-премьер.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.20261 928 Views

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026719 Views

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026593 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.2026

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

САЙЛАУ КҮНІ – ЖӘРМЕҢКЕГЕ ДЕ ЖОЛ ТҮСТІ

23.08.2026

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

23.08.2026

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.