Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Astana Art Fair 2025: «Болашақтың тамырлары»
Аймақ жаңалықтары

Astana Art Fair 2025: «Болашақтың тамырлары»

08.10.2025220 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылғы 24–26 қазанда Астанада, Конгресс орталығында, қала Әкімдігінің қолдауымен заманауи өнердің Astana Art Fair халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтеді.

2025 жылғы көрме тақырыбы: «Болашақтың тамырлары»/ Future Roots/«Корни будущего». Өнер өткеннің тамырларынан — болашақтың бүршіктеріне, жергіліктіден — жаһандыққа ұмтылған жанды бағыт ретінде таныстырылады. Бұл күндері Астана тартылыс нүктесіне айналады, мұнда суретшілер, галереялар және көрермендер диалог құру мен ынтымақтасу үшін жаңа өрістер табады.
Қатысушылар ішінде Орталық Азия елдерінің, Ресейдің және басқа да өңірлердің галереялары, бірлестіктері, тәуелсіз суретшілер және сарапшылар. Бағдарламада: кескіндеме, инсталляция және мультимедиалық жобалар, перформанс, сондай-ақ көпшілікке арналған ауқымды бағдарлама: public және artistic talk, балаларға және ересектерге арналған танымдық дәрістер қамтылған. Open Call қорытындысы бойынша Astana Art Fair 2025 кураторлық аймағы құрылады, бұл көрермендерге жаңа есімдермен танысуға мүмкіндік береді.
Суретшілер мен галереялар үшін бұл өз жұмыстарын халықаралық деңгейде көрсету мен кәсіби байланыс орнатуға, ал келушілер үшін – өздеріне жаңа есімдерді ашу мен жеке және корпоративтік коллекцияларға жаңа туындыларды сатып алуға тамаша мүмкіндік болады.
Инклюзия мен қолжетімділікке ерекше назар аударылады: қозғалысы шектеулі келушілер үшін, сондай-ақ есту немесе көру қабілеті нашар қонақтар үшін жағдай жасалады.
Astana Art Fair — ұзақмерзімді мәдени бастама, ол Қазақстанды заманауи өнердің орталығы ретінде ілгерілетуге, креативті экономика мен арт-нарықты дамытуға, сонымен бірге жастарды жаһандық мәдени үдеріске тартуға бағытталған.
«Astana Art Fair тартымды жаңа нүктеге, мәдени алмасу платформасына, коллекционерлер, галереялар, жас және танымал суретшілер кездесіп, болашақтың өнеріне деген өз көзқарастарын білдіріп, пікір бөлісе алатын орынға айналады деп үміттенеміз», — дейді ұйымдастырушылар.
Жобаның бастамашысы және ұйымдастырушысы Urpaq қоры. Қор 2024 жылы Қазақстандағы заманауи өнерді, мәдениетті және білім беруді жүйелі қолдау, сондай-ақ елімізді халықаралық мәдени кеңістікке интеграциялау мақсатында құрылған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

02.04.202616 Views

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026104 Views

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026177 Views
Соңғы жаңалықтар

ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

02.04.2026

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026

Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

31.03.2026

Су тасқынына дайындық аясында барлық көпір мен су құбырлары тазартылды

31.03.2026

«ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері автожолдарда 47 млн текше метр қар тазартты

31.03.2026

Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба мерзімі ұзартылды

31.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.