Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҒҰМЫРЫН БІЛІМГЕ, ЖҮРЕГІН ҰРПАҚҚА АРНАҒАН АЯУЛЫ ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Аймақ жаңалықтары

ҒҰМЫРЫН БІЛІМГЕ, ЖҮРЕГІН ҰРПАҚҚА АРНАҒАН АЯУЛЫ ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

04.10.2025556 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Қазалы ауданында ұрпаққа тағылымды тәрбие, озық білім беру ісінде зор жауапкершілікті атқарып жүрген мәртебелі мамандық иелерінің төл мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен «Ғұмырын білімге, жүрегін ұрпаққа арнаған…» атты мерекелік шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, ардақты жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
— Ұстаз – адам бойындағы асыл қасиеттерді оятып, ұрпақ санасына білім мен парасаттылықты сіңіретін, елдің ертеңін қалыптастыратын ұлы тұлға. Аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген барша ұстаздар қауымына аудан жұртшылығының, Өзімнің атымнан шынайы алғысымды айтамын. «Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірімен қазыналы Қазалы ауданында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен білім саласында ауқымды жобалар мен тың бастамалар жүзеге асуда. Биылғы жылдың басында Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр ауылында 300 орындық «Келешек мектебі» пайдалануға берілсе, аудандағы білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Сонымен бірге биыл аудандағы №234, 70, 266, 249, 98, 165, 88, 216, 95 сынды 9 мектепке ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлығы жаңа оқу жылына дейін толық аяқталды. Бүгінде ауданымызда 38 білім ошағы, ал жалпы ауданымыздағы білім беру ұйымдарында 2500-ден астам ұстаз жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде толымды жұмыс жасауда. Оның ішінде 6 «педагог-шебер» ұстазымыз бар, бұл көрсеткіш аудандар арасында алдыңғы орында. Биылғы оқу жылына 10 мұғалім «педагог-шеберге» үміткер атанып отыр. Өткен оқу жылында аудан бойынша 11-ші сыныпты 944 оқушы тәмамдаса, оның 859-ы Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысты. Қуантарлығы сол, оның ішінде 543 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды.
Өткен оқу жылында мектеп бітіруші 100 түлек «Алтын белгі» белгісін иеленіп, оқушыларымыз облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері атануда. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» десек, бұл көрсеткіштерге жетуде мұғалімдердің жасап жатқан еңбегі ұшан-теңіз, — деді аудан басшысы.
Бұдан кейін білім саласында толағай табысқа жетіп, шәкірттерді шыңға шығарып жүрген бірқатар ұстаздар марапат төрінен көрінді. Олар ҚР Оқу-ағарту министрлігі, облыс, аудан әкімінің, білім басқармасының «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» марапатталды. Ал, Ақтан батыр ауылындағы №190 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Алтынгүл Мұратбайқызы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі және бірқатар ардагер ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды. Марапаттау рәсімінен кейін мерекеге орай сахна төріне аудан әкімінің ықылас гүлі шығарылып, барша ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Ұлағатты ұстаздардың құрметіне арналған көңілді кеште аудан өнерпаздарымен бірге өнерді жанына серік еткен аяулы ұстаздар мен өнерлі оқушылар ән-күйден шашу шашып, көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026920 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.