Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі
Аймақ жаңалықтары

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025796 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, кейінгі жылдары тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды дамытуға жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған ауқымды жұмыс қолға алынды. Алдағы уақытта осындай бастамалар жүйелі жалғасып, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру, жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсыну, ауылдарды өркендету мәселесі басты назарда болады.

Қазір мұнайлы өңір инвес­тиция тарту бойынша жетекші облыстардың қатарында тұр. Биыл облыс делегациясы Ресей, Қытай, Пәкістан, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Қатар, Испания, Италия, Аус­тралия, Литва, Өзбекстан елде­рінің басшыларымен, ірі бизнес өкілдерімен келіссөздер жүр­гізді. Нәтижесінде, 20-дан астам ынтымақтастық орнату жө­ніндегі құжаттарға қол қойылды. Оның ішінде индус­триялық парк құру, жел және газ электр стансаларын салу, жасыл энергетика жобалары бар.

«Осы кезге дейін мұнай өнімдерін шикізат күйінде ғана экспорттаумен айналыс­тық. Әсіресе өнім өңдеу, өн­діру өнеркәсібі шет қалды. Қазір өңірде 599 кәсіпорын жұмыс іс­тейді. Оның 4-еуі – ірі, 13-і – орта, 582-сі шағын кәсіпорындар. Өңір экономикасын әртараптандыру аясында ірі жобалар қолға алынып отыр. Былтыр жылына 6 мың жүк вагонын шығару жобасы іске қосылды. Өңірде жалпы құны 44 млрд теңге құрайтын 11 жобаны жүзеге асыру қолға алын­ды. Оның 2-еуі жұмысын баста­ды. Бұған қоса, құны 6,5 трлн теңгеге бағаланған 5 ірі мұнай-газ химия жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар құрылыс кезінде 18 мың жұмыс орнын, іске қосылғанда 3 мың тұрақты орынды қамтамасыз етеді», дейді С.Шәпкенов.

Көмірсутекті шикізаты мол өңірде «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында 18 қатысушы тіркелген. Мұн­да инвесторларға салықтық, кедендік жеңілдіктер ұсыны­лады. Аталған аймақта жылына 500 мың тонна өнім шығаратын полипропилен кешені салынды. Алдағы жылдары полиэтилен, бутадиен өндірісін іске қосу жос­парланып отыр.

Әкімнің мәліметіне сүйен­сек, 2025–2029 жылдары құны шамамен 7 трлн теңгені құ­рай­тын 46 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Жобалар өңірге 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкін­дік береді. Саланы цифрлан­дыру мақсатында Атырау облы­сының инвестиция­лық картасы әзірленді. Бұл геопортал инвесторларға өңір мүм­кін­дігімен танысуға, жаңа жоба­ларға қатысуға, өз бас­тамаларын ұсынуға жағдай жасайды.

«Ұстанатын басты мақсаты­мыздың бірі – азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақ­с­атында игерілмей жат­қан ауыл шаруашылығы жерле­рін қайтару, тиімді пайдалану. 2022–2025 жылдары аралы­ғында жалпы көлемі 564,3 мың гектар жер мемлекет мен­ші­гіне қайтарылды. Оның 283,5 мың гектары ғана қайта айна­лымға енгізіліп, жаңа жер пай­даланушыларға табысталды. Бірақ әлі де бұл жұмысты жүйе­леп, күшейту қажеттігі туын­дап отыр», дейді облыс әкімі.

Серік Шәпкеновтің мәлі­метіне қарағанда, биыл 2 ірі жоба іске қосылды. Бірін­шісі – «Dossor Processing Company» компаниясының қуат­тылығы жылына 48 мың тонна құрамажем өндіретін зауы­ты. Бұл өндіріске 602 млн теңге инвестиция салынған. Ал екін­ші жобаны «Қуаныш» шаруа қожалығы іске асырды. Жылына 300 бас мал борда­қылау алаңының құны – 300 млн теңге. Енді 2027 жылға дейін 48,3 млрд теңгеге 12 инвес­ти­ция­лық жоба іске қосылып, 458 жаңа жұмыс орнын ашу жос­пар­ланып отыр.

«Маңызды жобалар қата­рында «Goldbridge» компаниясымен қант зауытының құрылысы бар. «KazGrow Irrigation Systems» компаниясы 5,6 гектарға зауыт пен өнер­кәсіптік жылыжай сала­ды. Бекіре балығын өңдейтін 2 зауытта жылына 700 тонна өнім шығарылады. «Дәулет құс» күніне 250 мың жұмыртқа шығаратын фабриканы жаңғыртуға 1 млрд теңге инвестиция салғалы отыр. Құр­манғазы ауданы мен Атырау қаласындағы көтерме орталық базасында агрохаб жобалары бар», деп мәлімдеді С.Шәпкенов.

Жолдасбек Көшербайұлы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026645 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.20262 048 Views

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026852 Views
Соңғы жаңалықтар

Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады

16.02.2026

2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

16.02.2026

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

16.02.2026

Қазір ЖЭО-ларда 4,5 млн тоннадан астам көмір қоры бар

16.02.2026

Энергетика министрлігінің өкілі көмір генерациясы бойынша ұлттық жобан іске асыру туралы айтты

16.02.2026

Премьер-министр Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді

16.02.2026

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 48 мыңнан астам қызмет алды

16.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.