Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Абай облысында егін саласын қаржыландыру көлемі артты
Аймақ жаңалықтары

Абай облысында егін саласын қаржыландыру көлемі артты

20.09.2025749 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекет басшысы Жолдауында «Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлінуде, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған», деген еді. Расында мемлекеттің қолдауы Абай облысында күзгі жиын-терін кезінде де байқалып отыр.

Биыл Абай жерінде егін жинау алаңы 782,1 мың гектарға жетті. Оның ішінде дәнді дақылдар – 296,5 мың гектар, майлы дақылдар – 339,4 мың гектар, картоп – 5,9 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары – 5,2 мың гектар және жем-шөп дақылдары – 135,1 мың гектар. Қазір астықтың айтарлықтай бөлігі жиналып, қоймаларға жеткізіліп жатыр.

Аграрлық аймақтағы егін науқанының жай күйін Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мирас Тоқтархановтан білген едік. Оның айтуынша, биыл аграрлы аймақта егін жинау қарқыны жақсы.

 – Бүгінге дейін дәнді дақылдардың 132,7 мың гектары орылды, бұл жалпы алқаптың 44,7 % құрайды. Орташа өнімділік – гектарына 14 центнерден айналып, 189,6 мың тонна астық бастырылды. Оның ішінде бидайдың 102 мың гектары жиналып, 153,6 мың тоннадан астам өнім алынды. Майлы дақылдардың күзгі науқаны енді басталды, әзірге 220 гектар  орылды. Одан 500 тонна өнім алынды. Ал картоптың 2,5 мың гектары жиналып, 53,9 мың тонна өнім қоймаларға жеткізілді. Көкөніс-бақша дақылдары да нәтижесі жақсы. 2,7 мың гектардан 66 мың тонна өнім алынды, – деді М.Тоқтарханов.

Оның айтуынша, егін жинау науқанының үздіксіз жүруі үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 23 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны қарастырылған. Қазірде жөнелту кестесіне  сәйкес 8,5 мың тоннасы шаруаларға жеткізілді.

–  Бүгінде егін жинау жұмыстарына 4 мың трактор, 2,4 мың комбайн және 700 орақ жұмылдырылған. Жиналған өнімді сақтау үшін облыста жалпы сыйымдылығы 206 мың тонна астық қабылдау кәсіпорындары мен диқандарда 870,9 мың тоннаға арналған қоймалар бар. Сонымен қатар 2025 жылға арналған минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары 63,6 мың гектар болған, ол бүгінде толық орындалды. Егіншілік саласын қаржыландыру көлемі артты. «Кең Дала» бағдарламалары арқылы шаруашылықтарға 9,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Бұл жұмыстар облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, – дейді ол.

Бақытбек ҚЫДЫР

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме?

17.11.2025558 Views

Польша Қазақстанмен агроөнім саудасын арттыруға қызығушылық танытты

17.11.2025225 Views

Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелмек болған

17.11.2025271 Views
Соңғы жаңалықтар

Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме?

17.11.2025

Польша Қазақстанмен агроөнім саудасын арттыруға қызығушылық танытты

17.11.2025

Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелмек болған

17.11.2025

«Балқаш»: Еліміздегі алғашқы АЭС-қа атау берілді

17.11.2025

Қазгидромет: биылғы қыс жайлы болады

17.11.2025

Ақордада Эстония Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

17.11.2025

Премьер-министр Президенттің медицинадағы озық технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

17.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.