Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

20.09.20251 115 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2023 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 20 қыркүйекті Дүниежүзілік тазалық күні деп жариялау туралы арнайы қаулы қабылдады. Бұл күн жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінде аталып өтіп, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау ісіне жұмылдыруға бағытталады. Басты мақсат – жер шарындағы экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты аялауға қоғам назарын аудару және әрбір азаматтың осы іске өз үлесін қосуына мүмкіндік беру.

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен 2023 жылдан бастап «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл жоба тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастыруға зор үлес қосып отыр.

Осы игі бастаманы қолдау мақсатында Қызылорда қаласында Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өткізілді. Акцияға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері, түрлі кәсіпорын ұжымдары, жастар ұйымдары, еріктілер және қала тұрғындары белсене қатысты.

Сенбілік аясында қала аумағындағы көшелер, аулалар, жаяу жүргіншілер жолдары, саябақтар мен скверлерде, сондай-ақ халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда кең көлемде санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Арнайы техниканың көмегімен қоқыс қалдықтары шығарылып, қураған шөптер шабылды. Сонымен қатар, арықтар тазартылып, су өткізу арналарының жұмысын жақсартуға ықпал жасалды.

Тазалық жұмыстары тек қаланың орталық бөлігінде ғана емес, шет аймақтар мен тұрғын үй аулаларында да өтті. Қатысушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесінде қала аумағы айтарлықтай тазартылып, санитарлық жағдайы жақсарды.

Мұндай іс-шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау дәстүрін орнықтыруға бағытталған. Сонымен бірге, сенбіліктер жастарға үлгі болып, өскелең ұрпақтың бойында туған жерге, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырады.

Дүниежүзілік тазалық күні аясында ұйымдастырылған бұл акция Қызылорданың экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қаланың көрікті келбетін сақтауға бағытталған маңызды қадам болды.

Барша қала тұрғындарын өз тұрғылықты аумақтарының тазалығына үлес қосып, аулаларын, көшелерін, қоғамдық орындарын таза ұстауға шақырамыз. Әр азаматтың шағын ғана еңбегі үлкен нәтижеге жеткізеді. Тазалық – табысты қоғамның кепілі!

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме?

17.11.2025558 Views

Польша Қазақстанмен агроөнім саудасын арттыруға қызығушылық танытты

17.11.2025225 Views

Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелмек болған

17.11.2025271 Views
Соңғы жаңалықтар

Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме?

17.11.2025

Польша Қазақстанмен агроөнім саудасын арттыруға қызығушылық танытты

17.11.2025

Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелмек болған

17.11.2025

«Балқаш»: Еліміздегі алғашқы АЭС-қа атау берілді

17.11.2025

Қазгидромет: биылғы қыс жайлы болады

17.11.2025

Ақордада Эстония Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

17.11.2025

Премьер-министр Президенттің медицинадағы озық технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

17.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.