Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Денсаулық»Қазақстанда балалар онкогематологиясы белсенді дамып келеді
Денсаулық

Қазақстанда балалар онкогематологиясы белсенді дамып келеді

08.09.2025834 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша онкогематологиялық аурулар кезінде мамандандырылған көмекті қоса алғанда, балалар денсаулығын дамытуға бағытталған ауқымды бастамалар іске асырылады. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың шеңберінде балалар онкогематологиясын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсартуға, балаларға арналған ұлттық онкогематологиялық орталық құруға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Елімізде диагностика мен емдеудің заманауи әдістері енгізілді: иммуногистохимия, иммунофенотиптеу, онкомаркерлерді анықтау, сүйектер мен жұмсақ тіндердің саркомаларында жоғары дозалы химиотерапия, сондай-ақ 3D-модельдеу технологиялары мен «өсіп келе жатқан» эндопротездерді қолдана отырып ағза сақтайтын операциялар.

Жыл сайын 556 төсек-орын базасында 5 мыңға жуық бала ем алады. 2013 жылдан бері 529 гемопоэздік дің жасушасын трансплантаттау, көз торының ісіктері үшін 90-нан астам селективті интраартериялық химиотерапия операциясы жасалды. Жылына 70-тен астам сүйек кемігін трансплантаттау және 15 сүйек ісіктері кезінде буындарды эндопротездеу жүргізіледі. Онкогематологиялық патологиясы бар балалардың 5 жылдық өмір сүру деңгейі 70%-ға жетеді, бұл әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.

Озық технологияларды енгізудің арқасында балаларды шетелге емделуге жіберу саны екі есеге қысқарды. Егер 2019 жылы шетелде 36 технология түрі бойынша көмек көрсетілсе, бүгінде бұл көрсеткіш 19 құрап отыр.

Бірақ бала мен отбасын қолдау терапия курсының аяқталуымен тоқтамайды. Қазақстанда операциялар мен трансплантаттаулардан кейін толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік беретін оңалту бағдарламалары дамып келеді. Балаларға паллиативтік көмек көрсету үшін нормативтік-құқықтық база қалыптастырылуда.

Бұдан басқа, Денсаулық сақтау министрлігі ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асырып жатыр, олардың ішінде Орталық Азиядағы Ұлттық онкология орталығының базасында балаларды емдеуге арналған жалғыз Протон орталығы, «UMC» КҚ-да 350 төсектік балалар хирургиясы корпусы салынуда, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жанынан 500 төсекке есептелген республикалық педиатриялық клиниканың, оның ішінде 200 төсек-орынға арналған балалар онкологиясы мен гематологиясы орталығының құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

Жалпы, республикалық клиниканың құрылысы педиатрияның негізгі бағыттарын бірыңғай заманауи кешенде біріктіруге, медициналық көмектің сапасын және мамандандырылған қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, жоғары білікті кадрларды даярлау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Заманауи орталықтар құру, шетелдік емдеуге тәуелділікті азайту, жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру – өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және онкогематологиялық аурулары бар балалардың өмір сүру сапасын арттыру сияқты стратегиялық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Бүгінде Қазақстанда шамамен 7 млн бала тұрады – бұл ел халқының үштен бірі. Балаларға медициналық көмекті қаржыландыру 264 млрд теңгеден 585 млрд теңгеге дейін екі еседен астам ұлғайтылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады

16.02.2026173 Views

2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

16.02.2026582 Views

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

16.02.2026417 Views
Соңғы жаңалықтар

Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады

16.02.2026

2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

16.02.2026

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

16.02.2026

Қазір ЖЭО-ларда 4,5 млн тоннадан астам көмір қоры бар

16.02.2026

Энергетика министрлігінің өкілі көмір генерациясы бойынша ұлттық жобан іске асыру туралы айтты

16.02.2026

Премьер-министр Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді

16.02.2026

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 48 мыңнан астам қызмет алды

16.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.