Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Еңбек адамының мерейі үстем болу керек
Аймақ жаңалықтары

Еңбек адамының мерейі үстем болу керек

08.09.2025160 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Ақордада ыждағатпен тыңдағандардың қатарында болдым. Бұл – қырық жылдан астам өмірін ауыл шаруашылығы саласына арнаған мен сияқты еңбек адамдары үшін зор мәртебе. 

Жолдау – болашақ үшін бағдар болатын, жауапкершілікті айқындап беретін саяси құжат. Одан туындайтын міндеттер орындалуымен құнды. Президенттің әрбір сөзі еліміздің даму жолына тірек бола алады. Соның ішінде біз секілді еңбек адамдарын бағалауы, қоғамдағы орнымызды нығарлауы көңілімнен шықты.

– Елімізге кәсіби даярлығы жоғары, білікті жұмысшылар өте қажет, бұл – анық нәрсе. Сондықтан мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладым. Қазір елімізде мыңдаған жұмыс орны бос тұр. Түрлі салада, тіпті, жалақысы едәуір жоғары жұмыс орындары бар. Бұл орындарды шетелден келіп жатқан адамдар толтыруда. Жыл сайын мыңдаған инженер, құрылысшы және ауыл шаруашылығы маманы оқуын бітіріп шығады. Оларға білім беру үшін мемлекет қомақты қаражат бөліп жатыр. Алайда көбі мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Олар арнайы білімді қажет етпейтін, тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдайды. Әрине, жұмыстың жаманы жоқ, адал еңбектің бәрі маңызды. Бірақ бұл үрдіс жеке адамға да, бүкіл елге де үлкен пайда әкелмейді, – деді Мемлекет басшысы.

Иә, адал ақы, маңдай тердің өтеуіндей еңбек әркез бағалы болуы керек. Өзім жас кезімде ауыр техниканы да басқардым, егін басында бидай да, күріш те ектік. Ұзақ уақыт трактор тізгінінде болдым. Таңның атысынан күннің батысына дейін егістік басында тынбай еңбек еттік. Міне, сол үшін де басшылықтың ұсынысымен түрлі жоғары марапат иелендім. 2017 жылы Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2023 жылы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталдым. Еңбектің еленгені мерейіңді өсіреді. Мен қазір де жауапкершілігі жоғары жұмыстан қол үзген жоқпын. Әлі күнге жастармен бірге аграрлық саланың жүгін көтеріп келемін.

Жолдауда Үкіметке экономиканың нақты саласында жұмыс істейтіндерге қажетті жағдай жасауды тапсырды. Президенттің «Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек. Оларға лайықты жалақы төлеу қажет. Бұл – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» деуі еңбек адамдарын көтермелеу деп түсінемін.

Гүлсім ДӘРІБАЕВА, 
«Ақмая» шаруа қожалығының бригадирі,
Шиелі ауданы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

QAITADAN. Уақыт тұзағына түскен кейіпкер мен қоғам

09.09.202514 097 Views

Марат Әшім ҚР Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды

09.09.20251 153 Views

Қазақстан индустрияландыру мен құрылыс саласының цифрлық трансформациясын жеделдете түседі

09.09.2025747 Views
Соңғы жаңалықтар

Израиль Газадағы тұрғындарды эвакуацияға шақырды

09.09.2025

Германиядан Сирияға небәрі 2 мыңға жуық адам оралды

09.09.2025

Непал үкіметі тәртіпсіздіктерден кейін отставкаға кетті

09.09.2025

Ресей ғылымы санкциялар салдарынан әлемнен үш жылға қалып қойған

09.09.2025

QAITADAN. Уақыт тұзағына түскен кейіпкер мен қоғам

09.09.2025

Мирзиёев Өзбекстандағы вице-министрлерді қызметінен қуып жіберді

09.09.2025

Марат Әшім ҚР Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды

09.09.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.