Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Аймақ жаңалықтары

АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

06.09.20251 377 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов және жауапты сала басшыларымен бірге 11 мың орындық стадионның құрылыс алаңына барды.
Жаңа стадион жанында 1000 орындық автотұрақ алаңы, 40 орындық VIP автотұрақ бар. Ғимараттың батыс секторында спортшылардың жаттығу алаңы, жуыну аймағы және киім ауыстыруға, төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған, емдік массаж бөлмелері қарастырылған. Медпункт, допингтік бақылау бөлмесі, комментатор кабиналары, конференц зал орналасқан.
Ал шығыс секторында ауыр атлетика, бокс, гимнастика және акробатика, күрес, жаттығу залдары, қыздырыну бөлмесі бар. Сондай-ақ, жанкүйерлерге арналған санитарлық, тамақтану және демалыс аймақтары, кафетерий, VIP-аймақтармен және VIP-кабинеттермен қамтылған.
4 автобусқа арналған автотұрағы, жылу қазандығы, қоқыс төгетін орын және резервуармен жабдықталған. Газон төселген стандартты өлшемдегі футбол алаңы бар. Сондай-ақ, мұнда балалар мен жастар үшін түрлі спорт секциялары жұмыс істейді. Стадион қыркүйек айында пайдалануға беріледі.
Одан кейін аймақ басшысы өңірдегі электр және жылу энергиясының тапшылығын шешу мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған жаңа жылу-электр орталығының құрылыс барысымен танысты. Инвестор «Акса энерджи» түрік компаниясы орталық құрылысына 137 млрд.теңгеден астам инвестиция салды.
Жоба аясында 2 газ турбиналық қондырғы, 95 МВт-тық бу турбинасы, 2 бу, 4 жылу қазандығы салынады. Бүгінде құрылыстың 70 пайызға жуық жұмысы біткен. Бұдан бөлек, бюджет есебінен 15 млрд.теңгеге орталыққа дейінгі 45 шақырым газ құбыры, автоматтандырылған газ тарату станциясы салынды. Құрылыс алаңында 1200-ден астам адам және 130 арнайы техника жұмыс жасауда. Жұмысшылардың негізгі бөлігі — жергілікті тұрғындар.
Станцияны осы жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарланған. Бірінші кезекте 1 газотурбиналық қондырғы мен 2 жылу қазандығы, 2026 жылы қалған қондырғылар қосылады.
Жаңа станция облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, өңірдің энергетикалық әлеуетін едәуір күшейтіп, ұзақ мерзімді тұрақты дамуына негіз қалайды.
Облыс әкімі бұл жобалардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын айтып, сапаға баса мән беруді тапсырды.

default
default
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ақтөбеде студентті төртінші қабаттан дүкенге жұмсаған: 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

05.11.2026639 Views

2033 жылға дейін Қазақстанда тағы 10 жолбарысты табиғатқа жіберу жоспарланып отыр

05.11.2026552 Views

Қазақстанның мұнай қоры 45 жылдан астам уақытқа жетуі мүмкін

05.11.20261 174 Views
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде студентті төртінші қабаттан дүкенге жұмсаған: 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

05.11.2026

2033 жылға дейін Қазақстанда тағы 10 жолбарысты табиғатқа жіберу жоспарланып отыр

05.11.2026

Қазақстанның мұнай қоры 45 жылдан астам уақытқа жетуі мүмкін

05.11.2026

Бауыржан Момышұлының бұрын жарияланбаған сирек суреті табылды

05.11.2026

Әбу-Дәбидегі келіссөз: Украина шекарасы қайта сызыла ма?

05.11.2026

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.