Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Әлем жаңалықтары»Мұнай үшін шайқас: Кремль Трамп қысымына қалай жауап береді?
Әлем жаңалықтары

Мұнай үшін шайқас: Кремль Трамп қысымына қалай жауап береді?

05.08.20258 053 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Егер Дональд Трамп Ресейдің Үндістанға мұнай жеткізуін тоқтататын болса, Мәскеу Батысқа ауыр соққы жасайды. 

АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістаннан ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатуды талап етті. Олай болмаған жағдайда, ол Үндістан экономикасын күйретуге уәде беріп, екінші деңгейлі санкциялар енгіземін деді. Таяу Шығыс журналистерінің жазуынша, егер америкалықтар Кремльдің осындай маңызды табыс көзін жауып тастайтын болса, Владимир Путин бұған жауапсыз қалмайды. Бұл туралы Asharq Al-Awsat басылымы жазды.

«Энергия тасымалдаушылардың әлемдегі үшінші ірі импорттаушысы болып саналатын Үндістан 2022 жылдан бері Ресей мұнайының ең ірі сатып алушысына айналды. Ол тәулігіне 2 миллион баррельге дейін сатып алады, бұл әлемдік жеткізілімдердің 2 пайызына тең», — деп жазады Таяу Шығыс басылымының авторлары.

Asharq Al-Awsat шолушылары Үндістан бағыты Кремль үшін аса маңызды екенін атап өтеді. Бұл бағыт Ресейге үлкен табыс әкеледі, ал оны жоғалтқан жағдайда Мәскеу кек қайтарады. Кремль Батысты жоғары мұнай бағасы арқылы қыспаққа алу тетігіне ие. Батыс сарапшыларының алаңдауынша, Путин бұл жолы АҚШ пен Еуропа елдері үшін маңызды болып саналатын Каспий Құбыр Консорциумының (КТК) жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бұл құбыр желісінде америкалық Chevron және Exxon компанияларының ірі үлестері бар.

«Мәскеу КТК құбыр жүйесінің жұмысын бұзып, Батысқа мұнай бағасының көтерілу зардабын сезіндіруі ықтимал. Батыс мұнай компаниялары – Exxon, Chevron, Shell, ENI және TotalEnergies – осы КТК арқылы тәулігіне 1 миллион баррельге дейін мұнай тасымалдайды», — деп жазады сарапшылар.

Құбыр Ресей аумағы арқылы өтетіндіктен, оны жауып тастау Мәскеу үшін қиын емес. Егер бұл жүзеге асса, мұнай бағасы күрт өсіп, бір баррель үшін 80 доллардан асып кетеді. Ал Ресей өз мұнайын Мысыр, Малайзия, Пәкістан, Перу, Бруней, Оңтүстік Африка және Индонезия елдеріне бағыттауы мүмкін.

Бірақ АҚШ президенті де тоқтар емес. Трамп Үндістанның ресейлік мұнайды қайта сатып, пайда табуына жауап ретінде оған қатысты импорттық баж салығын айтарлықтай арттырмақ. TRUTH әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемесінде Трамп Нью-Делиді ресейлік мұнайды арзанға сатып алып, оны ашық нарықта қымбатқа сатып отыр деп айыптады.

«Үндістан ресейлік мұнайды көп көлемде сатып алып, оны үлкен пайдамен қайта сатады. Осыған байланысты мен Үндістанға салынатын баж салығын едәуір арттыруға шешім қабылдадым», — деді ол.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026717 Views

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026948 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.