Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Әлем жаңалықтары»Ресей әскері Киевтегі Boeing өкілдігіне соққы жасады
Әлем жаңалықтары

Ресей әскері Киевтегі Boeing өкілдігіне соққы жасады

16.06.2025425 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ресей армиясы Киев қаласына жасаған зымыран шабуылы кезінде АҚШ-тың Boeing компаниясының Украинадағы өкілдігі орналасқан ғимаратқа соққы жасады. 

Бұл туралы Financial Times (FT) басылымы хабарлады. Аталған шабуылдан кейін ғимараттың бірнеше қабаты отқа оранып, айтарлықтай зақым келген.

Украина Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, “Ресей АҚШ бизнесіне әдейі шабуыл жасап отыр” деп мәлімдеді. Шабуыл салдарынан зардап шеккендер жоқ, дегенмен нысан толықтай қирап, инженерлік қызмет тоқтап қалғаны хабарланды.

Куәгерлер мен Украинадағы Америкалық сауда палатасының деректеріне сүйенсек, соққы жасалған нысан – Киевтегі Глубочицкая көшесі, 4-үй мекенжайында орналасқан бес қабатты әкімшілік ғимарат. Қатаң күзетілетін, ешқандай белгісіз ғимараттың 4-қабатында Boeing Ukraine LLC компаниясының кеңсесі орналасқан.

Financial Times тілшілері жағдаймен таныс алты дереккөзбен сұхбаттасып, бұл шабуылдың Boeing компаниясына тікелей бағытталғанын анықтаған. Басылым шабуылды “америкалық аэроғарыш алпауытын көздеген әдейі соққы” деп сипаттайды.

Қазіргі таңда Boeing компаниясы Украинада негізінен инженерлік-техникалық қолдау бағытында жұмыс істейді. Сонымен қатар украиналық “Антонов” авиазауытымен әріптестік байланыс орнатқан. Компания Украинада 1000-нан астам адамды жұмыспен қамтып отыр, ал жұмысқа қабылдау әлі де жалғасып жатқанын көрсететін бос орындар жиі жарияланып тұрады.

Boeing өкілі FT-ге берген түсініктемесінде:

“Шабуыл кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Офиске зақым келсе де, компания жұмысы тоқтаған жоқ”, — деп мәлімдеді.

Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Сыбига FT-ге берген сұхбатында шабуылды АҚШ пен Батыстың Украинаға жасап жатқан қолдауына қарсы әрекет ретінде бағалап отыр:

“Ресейдің Украинадағы америкалық компанияларға жасаған шабуылы — Путиннің АҚШ-тың бейбіт бастамаларына немқұрайлы қарауының тағы бір дәлелі. Бұл жағдай АҚШ-тың бейбіт процестерге де, Еуропа мен Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де белсенді қатысуының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді”, — деді Сыбига.

Financial Times басылымының жазуынша, бұл оқиға Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты одан әрі ушықтыруы мүмкін. Сонымен қатар, Ресейдің Украинадағы Батыс компанияларына әдейі шабуыл жасауын Кремльдің жаңа стратегиясы ретінде қарастыруға болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026717 Views

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026948 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.