Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Әлем жаңалықтары»АҚШ-та конгрессмендерге шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Әлем жаңалықтары

АҚШ-та конгрессмендерге шабуыл жасаған күдікті ұсталды

16.06.2025480 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

АҚШ-тың Миннесота штатында Демократиялық партиядан сайланған екі заң шығарушы мен олардың жұбайларына шабуыл жасады деген күдікке ілінген 57 жастағы Вэнс Лютер Болтер ұсталды. 

Бұл туралы американдық БАҚ 15 маусым, жексенбі күні түнде хабарлады. Күдікті екі адамды өлтіріп, тағы екі адамды өлтіруге әрекеттенді деген айыппен ұсталды.

Миннесота штатының полициясы бұл операцияны штат тарихындағы ең ауқымды шара деп атады. Болтер екі тәулік бойы іздеуде болған. Тергеу дерегінше, ол 14 маусымда Миннесота штатының Өкілдер палатасының мүшесі Мелисса Хортман мен оның күйеуі Маркты атып өлтірген, сондай-ақ штат сенаторы Джон Хоффман мен оның жұбайына оқ жаудырып, ауыр жарақаттаған. Күдікті полиция формасын киіп, өзін тәртіп сақшысы ретінде көрсеткен.

Болтер тастап кеткен көліктен 70 адамның аты-жөні жазылған тізім табылған. Олардың арасында жүктілікті үзу бойынша қызмет көрсететін дәрігерлер, демократ-заң шығарушылар мен өзге шенеуніктер бар. CNN мәліметінше, Болтермен байланысты үйлердің бірінен тағы бір тізім табылып, онда тағы он шақты адамның есімі көрсетілген.

Шабуыл алдымен түнгі 2:00 шамасында сенатор Хоффманның үйінде болды. 3:35 кезінде полиция Мелисса Хортман тұратын мекенжайға шақырылды. Онда келген тәртіп сақшылары күдіктімен атысқан, бірақ ол қашып кеткен. Кейіннен жалған полиция көлігі табылып, одан көптеген заң шығарушының аты-жөні жазылған жазбалар анықталды.

Миннесота губернаторы Тим Уолз мәлімдеме жасап, бұл шабуылды “саяси мақсатта жасалған кісі өлтіру” деп атады. “Мұндай қатыгездікке жол берілмеуі керек”, — деді ол.

АҚШ президенті Дональд Трамп тергеуге ФБР қосылатынын және кінәлілер “заңның ең қатаң талабымен” жазаланатынын мәлімдеді. “АҚШ-та мұндай үрейлі зорлық-зомбылыққа төзуге болмайды”, — деді президент.

Хортман мен күйеуі Бруклин-Парк қаласындағы үйлерінде қаза тапты. Хоффман мен әйелі Чамплин қаласындағы үйлерінде жарақат алған. Екеуі де ауруханаға жеткізіліп, операция жасалды. Дәрігерлер олардың жағдайын “аса сақ оптимизммен” бағалауда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

04.05.2026425 Views

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026597 Views
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

10.06.2026

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды

10.06.2026

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды

10.06.2026

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

10.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.