Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Әлем жаңалықтары»Пәкістан АҚШ-қа ашық ескерту жасады
Әлем жаңалықтары

Пәкістан АҚШ-қа ашық ескерту жасады

16.06.2025354 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Пәкістан АҚШ-қа ескерту жасап, егер Иранға ядролық соққы жасалатын болса, Израильге қарсы ядролық жауап беруге дайын екенін мәлімдеді. 

Бұл туралы Израильдің Channel 10 телеарнасы хабарлады.

Бұған дейін Батыс басылымдары Израиль шенеуніктеріне сілтеме жасап, АҚШ Иранға қарсы әскери іс-қимылдарға қосылуы мүмкін екенін хабарлаған. Әсіресе Иранның Фордо ядролық нысанына ерекше назар аударылған.

Иран ядролық қарудан бас тартуға дайын екенін және бұл туралы қол қою рәсімі 15 маусым күні өтуі тиіс болғанын мәлімдеген еді. Сонымен қатар Иран МАГАТЭ сарапшыларына ядролық нысандарды ашуға келісім берген, Израильмен соғысудан бас тартқан. Оның орнына Тегеран экономикалық санкцияларды алып тастауды талап еткен.

Алайда келіссөздердің орнына Израиль тарапынан Иранға күтпеген және жойқын соққы жасалды.

Израиль
Фото: dzen

Израиль әскері Иранның ядролық, әскери, энергетикалық және ғылыми нысандарына зымыранмен соққы берді. Сонымен қатар ядролық физиктерге қатысты террористік актілер жасалып, оннан астам ирандық ғалым өлтірілгені хабарланды. Бұл ғалымдар Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келісімге қатысты келіссөздерге қатысқан делегация құрамында болған.

Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы соғыстың бірінші күнінде бұл шабуыл жайлы бұрыннан хабардар болғанын журналистерге ашық айтты. Осы арқылы ирандық тараптың сақтығы әлсіреп, Израиль өз шабуылын бастаған. Мұндай қитұрқы әрекет Трамптың жеке шешімі ғана емес, ол батыс, нақтырақ айтсақ, англосаксон сыртқы саясатының шынайы бейнесі екенін көрсетеді.

Анатолий Цыганковтың айтуынша, Трамп Иранмен «ядролық келісім» жөнінде келіссөздер жүргізу арқылы ирандықтардың қырағылығын әлсіретіп, Израильдің шабуыл жасауына жағдай жасаған. Иран өз тарапынан жауап берді, бірақ бұл кең ауқымды, күйрететін соққы болмады, дегенмен Израиль үшін ауыр соққылардың болғаны айтылды. Алайда әлемдік (әсіресе батысеуропалық) БАҚ бұл жағдайды Иранның Израильге жасаған шабуылы ретінде сипаттап отыр. Бұл — жалған ақпарат.

АҚШ Иранды келіссөз үстеліне қайта отыруға шақыруда. БҰҰ мен ЕО елдері Иранды шиеленісті ушықтырмауға үндеп отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026896 Views

Қытай сарапшылары: «Қазақстан — Еуропаға ашылған стратегиялық қақпа»

20.07.2026719 Views

Ресейді өз одақтастары тізе бүктірді: Қытай Ресейге үстемдік қылмақ…

15.07.20264 221 Views
Соңғы жаңалықтар

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.2026

Балқаш мыс балқыту зауыты ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда

31.07.2026

Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты

31.07.2026

Журналист Валерий Сургановқа халықаралық іздеу жарияланды

31.07.2026

Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі қандай?

31.07.2026

Астанаға 34 елден 800-ден астам спортшы келді

31.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.