Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Әлем жаңалықтары»Иран басшысы Мәскеуге қашуға дайындалып жатыр — Iran International
Әлем жаңалықтары

Иран басшысы Мәскеуге қашуға дайындалып жатыр — Iran International

16.06.2025635 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Иран мен Ресей Хаменеи мен оның отбасын эвакуациялау мәселесін талқылап жатыр.

Iran International порталының дереккөздеріне сүйенсек, Иран билігі Ресеймен елдің жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи мен оның отбасы мүшелерін эвакуациялау жоспарын келісіп жатыр.

Келіссөздерге Иранның жоғарғы көшбасшы аппараты басшысының орынбасары жауапты. Басылым мәліметінше, Әли Асгар Хеджази Ресейдегі жоғары лауазымды тұлғалардың бірінен «жағдай күрт нашарлаған жағдайда» Мәскеу Хаменеи мен оның отбасына қауіпсіз көшіру жолын ұйымдастыруға дайын екені жөнінде кепілдік алған.

Сондай-ақ басылымның хабарлауынша, Иран үкіметіндегі басқа да жоғары лауазымды тұлғалар егер елде қауіп күшейсе, шетке кетуді қарастырып жатыр.

Бұған дейін Reuters агенттігі Дональд Трамптың «Израильдің Хаменеи аятолланы өлтіру жоспарына вето қойғаны» туралы ақпарат таратқан болатын. Алайда Израильдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Цахи Ханегби бұл ақпаратты «фейк елінен келген фейк жаңалық» деп жоққа шығарды. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль армиясының Хаменеиға қастандық жасау жоспары бар деген мәліметтерді жоққа шығарды.

Бұған дейін The Wall Street Journal газеті де израильдік дереккөзге сүйене отырып, Хаменеи Израильдің соққы жасауына болатын ықтимал нысан ретінде қарастырылып отырғанын жазған болатын.

Israel International дерегінше, Израиль Ислам Республикасына қарсы әскери операция бастағаннан кейін Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи жерасты бункеріне жасырынған. Хаменеи Тегеранның солтүстік-шығысындағы Лавизан ауданында орналасқан арнайы бункерде отбасымен бірге жасырынған. Басылым мәліметінше, ол бұл бункерді бұған дейін де — 2024 жылдың сәуірі мен қазанында Израиль шабуылдары кезінде паналаған.

Портал дереккөзі Хаменеи үшін басты ескерту ретінде 15 маусымда Мешхед әуежайына жасалған соққыны атады. Бұл — Израиль армиясы соққы жасаған ең шалғай нысана (Израильден шамамен 2 300 км қашықтықта, Түрікменстан шекарасына жақын орналасқан). Дереккөздің айтуынша, бұл әрекетпен Израиль Хаменеиге оған барлық жер қауіпті екенін көрсеткісі келген.

Әзірге Израиль соққылары салдарынан Иранның саяси көшбасшыларының арасында қаза тапқандар жоқ.

Сондай-ақ, Ресей азаматтарын Ираннан эвакуациялау басталды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Ресейдің Бакудегі елшілігі хабарлаған.

Алғашқы топ — 14 адам — Иран аумағынан Әзербайжанға шығарылды. Олар мінген автобус Иран мен Әзербайжан арасындағы шекараны кесіп өткен. Эвакуацияланғандардың арасында режиссер Федор Бондарчук, оның түсірілім тобы, сондай-ақ Чайковский атындағы Үлкен симфониялық оркестрдің әртістері бар.

Айта кетейік, 13 маусымда Израиль Иранның ядролық нысандарына, әскери базалары мен командалық құрамына соққы жасады. Өз аумағына бағытталған шабуылдарға жауап ретінде Иран Ислам Республикасы Израильге қарсы әскери операцияны бастады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026597 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.