Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Олжас Бектенов Roca Group компаниясының басшысы Сантьяго де Гомар Рокамен Қызылорда облысындағы зауыт құрылысын талқылады
Аймақ жаңалықтары

Олжас Бектенов Roca Group компаниясының басшысы Сантьяго де Гомар Рокамен Қызылорда облысындағы зауыт құрылысын талқылады

13.06.2025940 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесу өткізді. Онда Қызылорда облысында сантехникалық бұйымдар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыру мәселелері мен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жоба қуаты жылына 500 мың бұйымға дейін санитарлық-техникалық өнім шығаратын жоғары технологиялық зауыт салуды көздейді. Өндіріс Қызылорда облысындағы «Өндіріс» индустриялық аймағында орналасады, осы мақсаттар үшін жер телімі белгіленді. Кәсіпорын өнімдері ішкі нарыққа  және Орталық Азия елдеріне экспортқа шығаруға бағытталған. Жалпы инвестиция көлемі €70 млн деп бағаланады. Жоба 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рока компания Қазақстанды өңірдегі бизнесті дамытудың стратегиялық алаңы ретінде қарастыратынын атап өтті. Бүгінгі таңда Roca Group саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналады. Компанияның 78 зауыты, 20 мыңнан астам қызметкері бар.

«Қазақстан – Орталық Азиядағы қатысуымызды кеңейту үшін қисынды таңдау. Біз елді бүкіл аймақ үшін тиімді жұмыс істей алатын өнеркәсіптік және логистикалық хаб ретінде қарастырамыз. Елде өндірісті дамытуға қолайлы жағдай жасалған және Қызылорда облысындағы жоба жергілікті экономиканың дамуына үлес қоса отырып, халықаралық стратегиямыздың маңызды бөлігіне айналатынына сенімдіміз», — деді Сантьяго де Гомар Рока.

Премьер-министр Олжас Бектенов өнеркәсіптік өндірісті локализациялау Үкіметтің экономиканы құрылымдық нығайту жөніндегі басым міндеті екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан жақсы инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі басым бағыты аясында отандық өндірісті қолдауға және сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайтуға бағытталған импортты алмастыру саясаты белсенді дамып келеді. Қазақстан мен Испания – стратегиялық серіктестер. Сондықтан біз компанияны сенімді серіктес ретінде көреміз және терең индустриялық даму үшін жоғары технологиялық өндіріс тартуды құптаймыз. Үкімет жобаның сәтті жүзеге асуы үшін қажетті көмек көрсетеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Кездесу соңында тараптар ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және Roca Group арасындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру қағидаттары туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жазғы демалыстың жарқын бастамасы

21.05.202626 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

21.05.2026153 Views

Қазақстан мен Кения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

20.05.20261 285 Views
Соңғы жаңалықтар

Жазғы демалыстың жарқын бастамасы

21.05.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

21.05.2026

Alatau City-де eVTOL аэротаксиінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті

20.05.2026

Үкімет Степногорск және Көкшетау қалаларының жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді

20.05.2026

Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы қорытындылануда

20.05.2026

Былтыр елге 11,1 млн шетелдік турист келді

20.05.2026

Алакөлдің жағалауын нығайту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді

20.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.