Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»СЫР ЕЛІНДЕ СЕКЕН ТҰРЫСБЕКОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

СЫР ЕЛІНДЕ СЕКЕН ТҰРЫСБЕКОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

12.06.2025493 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін «Өнер орталығында» Қызылорда қаласының астана болғанының ғасырлық мерекесіне, Қазақстанның Халық артисі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің концерті өтті.
Шығармашылық кешті облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, аймақтың өнерсүйер жұртшылығы тамашалады.
Концерт «Ақ жауын» камералық оркестрінің орындауында Секен Тұрысбековтің «Ұлы дала» шығармасымен ашылды. Аймақ басшысы құттықтау сөз сөйлеп, оркестр ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
«Қазақтың күй өнері – халқымыздың рухани болмысы мен мәдениетінің биік тұғыры, сарқылмас асыл қазынасы. Қос ішекті домбыраны кие тұтып, шанағынан небір туындыны төгілдірген кешегі Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Динадан жеткен қастерлі ұлт мұрасын жалғаушы Секен Тұрысбеков – ерекше дарын иесі. Секен Кәрімұлының «Көңіл толқыны», «Балауса», «Дарабоз», «Ақ жауын», «Тарбағатай», «Аққу сазы», «Ерке құсым», «Көктемім менің», «Қоңыр қаз» секілді ән-күйлері халықтың жүрегінен орын тауып, ұлт руханиятын кемелдендіре түсті. Еліміздің дарынды перзенті Секен ағамыздың шалқар шабытынан туған шығармалары бойға рух беріп, жүректі тербейді. Дарын иесінің күйшілік өнері жеке орындаушылықтан асып, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестріне ұласты.
Бұл – талмай еңбек етудің, ұзақ жылғы ізденістің, қабілетті жастарды маңына жинап, ерінбей үйретудің нәтижесінде жүзеге асқан абыройлы іс. Күй – өміршең өнердің бірегейі. Бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізген төл мұрасын кеңінен насихаттауда, бүгінгі буынның санасына сіңіруде «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің еңбегі зор. Бүгінге дейін әлемнің бірқатар елдерінің үздік сахналарын әсем сазбен тербеп, қазақ өнерін асқақтатқан оркестр ұжымының еңбегі қашанда құрметке лайық», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Кеште Құрманғазының «Ақсақ киік», «Қайран, шешем», Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы», «Боорлаштарым», Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр» күйлері орындалды. Жүректің нәзік қылын шертетін күші бар, тыңдаушысын ой мен сезім тұңғиығына тартатын туындыларды тыңдауға келген көрерменнің қошеметі ерекше болды.
Шығармашылық кеште өнер көрсеткен Секен Кәрімұлына және барша таланттарға облыс әкімінің ықылас гүлі табысталды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026962 Views

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026463 Views

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026836 Views
Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.