Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Әлем жаңалықтары»Қара жер неге қақ айырылады?
Әлем жаңалықтары

Қара жер неге қақ айырылады?

05.06.2025411 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Aikyn.kz африкалық тектоникалық плиталардың қозғалуына әсер ететін күшті bgr.com сайтының материалына сүйеніп, түсіндіреді.

Шығыс Африка рифті жүйесі – Жердегі ең ірі және белсенді континенттік жарық. Фото greedysouth.co.zw сайтынан алынды

Күшейіп келе жатқан африкалық суперплюм – құрлықтың терең астынан жоғары көтеріліп, жарықтар мен жанартаулық белсенділік туындатып отыр.

Бұл алып ыстық тау жынысының колоннасы, Жер ядросы мен мантиясының шекарасынан жоғары көтеріліп, жер қыртысын соншалықты қатты итеруде. Қыртыс жарылып, Шығыс Африка рифті жүйесі (EARS) бойында жанартаулық процестер тудырады. Жаңа геохимиялық талдау бұл суперплюм енді тек теория емес екенін көрсетіп отыр. Ол мыңдаған шақырымға созылған із қалдырған.

Шығыс Африка рифті жүйесі – бұл Қызыл теңізден (солтүстікте) Мозамбикке дейін (оңтүстікте) 3200 шақырымнан астам қашықтыққа созылатын жарық аймағы. Бұл – Жердегі ең ірі және белсенді континенттік жарық. Мұнда Шығыс Африка астындағы тектоникалық плиталар бір-бірінен ажырап жатыр. Бұл үдеріс ландшафтта терең аңғарлар түзеп, жиі жер сілкіністері мен жанартау атқылауларына әкелуде.

Ғалымдар бұл орасан зор ығысу күшін не қозғайтыны жөнінде бұрыннан пікірталас жүргізіп келген. Енді жарық аймағының бірнеше нүктесінде анықталған терең мантиялық газдар – бұл процестің Жер қойнауынан көтеріліп жатқан қызу ағынмен байланысты екенін дәлелдеген.

Африкалық суперплюм әлдеқайда кең әрі қуатты. Фото jpost.com сайтынан алынды. Авторлығы: Reuters

Кениядағы Мингай геотермалдық алаңында жүргізілген соңғы зерттеулерде ғалымдар неон изотоптарындағы ерекше химиялық қолтаңбаларды анықтады. Бұл сигнатуралар Жердің терең мантиясындағы газдарға сәйкес келеді. Дәл осындай сигнатуралар Қызыл теңіз бен Малави сияқты бір-бірінен алыс орналасқан жанартаулық жыныстардан да табылған.

Деректер осы аймақтардың астында жатқан бірыңғай алып қайнар көз – Африкалық суперплюм бар екенін көрсетеді. Бұл материал Жер астынан 2900 шақырым тереңдіктен көтеріліп, қыртысқа қысым түсіреді. Нәтижесінде жарық пайда болады.

Гавайидегі тар плюмге қарағанда, Африкалық суперплюм әлдеқайда кең әрі қуатты. Ол көтерілген сайын Жердің сыртқы қабаты – литосфераны қыздырып, әлсіретіп, жарықтар пайда болу ықтималдығын арттырады. Ғалымдардың айтуынша, дәл осы қысым Африка плитасын жарып, жанартау белсенділігіне және болашақта жаңа мұхит пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Бұл үдеріс миллиондаған жылдарға созылғанымен, қазірдің өзінде Жер бедерін өзгертіп жатыр. Аңғарлар тереңдеп, көлдер түзіліп, жанартаулар пайда болуда. Ақыр соңында, Шығыс Африканың бір бөлігі бөлініп, жаңа континентке айналуы мүмкін. Жер астының күші – уақыт өте келе құрлықты мүлде жаңа формаға айналдыруы мүмкін.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қамчыбек Ташиев қызметінен кетті

10.02.2026527 Views

Украина: Германия Ресейге бейбіт келіссөздерде ымыраға келуге шақырды

10.02.2026419 Views

Сәтсіз сынақ: Қытайлық Chery компаниясының басы дауға қалды

13.11.2025448 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17.03.2026

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026

САЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАСТАРЫ МОТОЦИКЛ ШЕРУІН ЖАСАП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

15.03.2026

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

15.03.2026

Арал ауданында өткен референдумға байланысты «Толқын» газетінің бас редакторы өз пікірін білдірді

15.03.2026

КӨК БӨРІ №260 УЧАСКЕДЕ

15.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.