Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Аймақ жаңалықтары

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

11.04.2025109 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде орман қорына 2 млрд. және елді мекендерге 15 млн. ағаш отырғызу, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру, заңсыз қоқыс орындарын анықтау, қатты тұрмыстық қалдықты жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша жұмыс барысы талқыланды.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру барысын баяндады.
«Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың өңірлік кешенді жоспары бекітіліп, соған сәйкес тиісті жұмыс жүргізілуде. Бюджет қаражатынан бөлек, кәсіпкерлер демеушілігімен орталық алаңдар, демалыс орындары, ойын, спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөндеуден өткізілуде. Демеушілік есебінен 1 млрд. теңгеге Қызылорда қаласындағы орталық алаң қайта жаңғыртылды», – деді аймақ басшысы.
Биыл аумағы 80 гектарға жуық қалалық мәдени-демалыс паркі мен Президент саябағы қайта жаңғыртылуда, мамыр-маусым айларында пайдалануға беріледі. Демалыс орындарына түрлі модульдік-санитарлық пункттер салынып, арнайы эко-бокстар, фандоматтар орналастырылады.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қызылорда қаласы аумағында 992 гектар жерге жасыл желек егу жобасы басталды. Ол бойынша 2030 жылға дейін 2,5 млн. ағаш отырғызу және арнайы тұқымбақтар мен мамандандырылған зертхана салу көзделуде. Аудан орталықтарында кәсіпкерлердің демеушілігімен жаңа демалыс орындары, аллеялар салынып, көшелер абаттандырылып, жарықтандырылды.
Жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде. Соңғы екі жылда үздік атанған елді мекендерге 48 арнайы техника табысталды. Бұдан бөлек, коммуналдық, абаттандыру мекемелеріне 142 арнайы техника сатып алынып, ел игілігіне қызмет етуде. Тұрғындарды экологиялық таза көлік қызметімен қамтамасыз ету үшін 100 жаңа электромобиль алынып, 16 электр қуаттау бекеті салынды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026451 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026413 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.