Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

08.04.2025212 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақовпен кездесті. Кездесуде медицинада, оның ішінде нейрохирургия саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Қызылорда облысында 25 төсек-орынға арналған нейрохирургиялық бөлімше тұрғындарға қызмет көрсетеді, 11 нейрохирург маман бар. Бір жылда 6 түрлі күрделі нейрохирургиялық ота тәжірибеге енгізілсе, биыл да осынша жаңашылдық жоспарлануда.
Соңғы үш жылда 4 аудандық, Байқоңыр қалалық ауруханасы, облыстық және қалалық көпбейінді ауруханалар 7 КТ аппаратымен қамтамасыз етілсе, көпбейінді облыстық ауруханаға 1 МРТ аппараты қойылды. Аймақ дәрігерлері 658 нейрохирургиялық ота жасаған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 27 нысан салу көзделген. Ұлттық жобамен 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және 1 медициналық бекет пайдалануға берілді.
Биыл Арнаулы мемлекеттік қордан Шиелі, Арал, Жаңақорған, Қазалы көпбейінді аудандық аурухана ғимараттарына қосымша құрылыс салу үшін қаржы бөлу жоспарлануда.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Жалағаш ауданы Таң ауылында дәрігерлік амбулатория, Қызылорда қаласында 2 медициналық нысан іске қосылды. Жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсектік, Арал ауданы Сексеуіл кентінде 40 төсектік ауылдық аурухана қолданысқа берілді.
Облыс орталығында 300 орындық көпбейінді аурухана салынуда. Өткен жылдың шілде айында облыстық қан орталығы жаңа ғимаратқа орналасты.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.