Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ- САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ- САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

23.03.2025447 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданына жұмыс сапары барысында Ақай ауылындағы дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты. Салтанатты шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, мұндай кешендердің көбейгені халықты спортпен шұғылдануға ынталандыратынын атап өтті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз», – деген болатын. Тұрғындар спортты күнделікті өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендердің саны артып келеді. Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында «Үстел теннисі» орталығы пайдалануға берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион мамыр айында ел игілігіне табысталады. Жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена», дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады. Жыл басынан бері Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар елді мекендерінде, Сырдария ауданының Бесарық ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Дәл осындай спорт кешені күні кеше Шиелі ауданының Жақаев ауылында пайдалануға берілсе, ертең Жалағаш ауданында іске қосылады. Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ақай ауылындағы жаңа спорт кешенін табыстауға жиналдық. Халқымызда «Дені саудың – жаны сау» деген жақсы сөз бар. Ауыл жастарының спортпен шұғылданып, байрақты бәсекелерде, дүбірлі додаларда еліміздің, аймағымыздың атын асқақтатуына тілектеспіз. Жаңа спорт ғимараты құтты болсын! Баршаңызды жыл басы — Наурыз мейрамымен шын жүректен тағы да құттықтаймын!», — деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Рәсімде Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен ғимаратты салып, ел игілігіне табыстаған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов құттықтау сөз сөйледі.
Возможно, это изображение больница и текст
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

КОММУНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

14.11.2026992 Views

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ЗЕРДЕЛЕНЕДІ

14.11.20261 105 Views

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ ЕКІ АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ГАЗ ТҰТЫНА БАСТАДЫ

14.11.20262 856 Views
Соңғы жаңалықтар

КОММУНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

14.11.2026

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ЗЕРДЕЛЕНЕДІ

14.11.2026

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ ЕКІ АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ГАЗ ТҰТЫНА БАСТАДЫ

14.11.2026

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

14.11.2026

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

14.11.2026

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

14.11.2026

ТЕМІРЖОЛ ӘЛЕУЕТІ – ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН

11.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.