Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Ауыл мұғалімдерінің жалақысы қанша?
Басты жаңалықтар

Ауыл мұғалімдерінің жалақысы қанша?

05.03.20251 673 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың 300 мыңға жуығы аттестация қорытындысы бойынша біліктілік санаттары үшін үстемеақы алады. 

2020 жылдан бастап Президент тапсырмасына сәйкес, педагогтердің айлық еңбекақысы 100%-ға өсті. Сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артты. Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кәсіпорындардан тартылған мамандарға 30-35 % көлемінде үстемеақы қосылды.

«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан кейін, мұғалімдердің жалақысының мөлшері білімінің, санатының (шебер, зерттеуші, сарапшы, модератор) деңгейіне және еңбек өтіліне, жүктеме көлеміне, сондай-ақ еңбек ету жағдайына байланысты қосымша төлемдер, академиялық дәрежесінің болуы (10 АЕК), тәлімгерлік етуі, сабақтан тыс спорттық дәрістер беруіне (базалық лауазымды еңбекақыдан 100%) байланысты қалыптасады.

Осылайша, түрлі санаттарының болуына байланысты педагогтерге келесідей үстемеақы төленеді:
* Педагог-шебер – 50%
* ⁠Педагог-зерттеуші – 40%
* ⁠Педагог-сарапшы – 35%
* ⁠Педагог-модератор – 30%

Ауыл мұғалімдеріне ерекше көңіл бөлінуде – олардың жалақысы қалалық әріптестеріне қарағанда, кемінде 25%-ға жоғары. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда мұғалімнің орташа айлық жалақысы 1 мөлшерлеме үшін (16 сағат) 352 мың теңге, ал ауыл мұғалімдері үшін 435 мың теңгені құрады. Бұл ретте Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметінше, еліміздің педагогтерінің жартысы 1,5 мөлшерлемемен (24 сағат) жұмыс істеп, айына орташа 581 мың теңге жалақы алады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан -!білім беру ісіндегі жетістіктері, олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны және мемлекеттік наградаға ие болғаны үшін ақшалай сыйақымен марапаттауды үрдіске айналдырған санаулы елдердің бірі. 2023 жылы 89 педагог мемлекеттік сыйақының лауреаты атанды, сыйақы көлемі 3,6 млн теңгені (1000 АЕК) құрады. Марапатталушылардың арасында – Еңбек ерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстаздары, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары бар.

Осылайша, соңғы бес жылда Қазақстан айлық жалақының өсуін ғана емес, үстемеақы төлеу және ынталандыру жүйесін қамтамасыз ету арқылы педагогтердің мәртебесі мен қаржылық әлеуетін көтеру бағытында маңызды бастамаларды жүзеге асырды.

Маржан ОМАР

Фото: istockphoto

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.20261 930 Views

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026720 Views

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026594 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.2026

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

САЙЛАУ КҮНІ – ЖӘРМЕҢКЕГЕ ДЕ ЖОЛ ТҮСТІ

23.08.2026

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

23.08.2026

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.